ЭЛЕКТРОНДЫ АУКЦИОН ЖАНДАНА БАСТАДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ АУКЦИОН ЖАНДАНА БАСТАДЫ

ЭЛЕКТРОНДЫ АУКЦИОН ЖАНДАНА БАСТАДЫ
ашық дереккөзі
225

Жақында мүліктерді сату жөніндегі «электронды аукцион» бағдарламасы бойынша таныстырылым болып өтті. Электронды аукциондағы мүліктерді сату нормативтік-құқықтық актілер бо-йынша жүзеге асады.

Мемлекеттік реестр веб-порталына тіркелген әрбір азамат өзінің жеке кабинетін аша алады. Ол жеке тұлға бола ма, заңды тұлға бола ма, бәрібір. Мұнда аукцион бойынша жарияланған ұсыныстарға шолу жасап, қатысуға болады. Мәселен, сатушы электронды тапсырыс жарияланған күннен бас­тап, бір жұмыс күнінің ішінде шешім қабылдай алады. Яғни, тапсырыс­ты қабылдайды немесе кері қайтарады. Бұл үшін арнайы негіздеме қажет. Ал сатып алушы- акционерлік қоғам мемлекет сатқан акцияның кем дегенде 15 пайызына ғана иелік етеді. Сол сияқты аукциондық нөмір қатысушының аукционға қатыспайтындығы туралы жазбаша хатынан кейін үш күн ішінде күшін жояды.

Сауда нәтижесінде сатушы жеңімпаз екеуі сату-сатып алу жөнінде келіссөз жасайды. «Ақпараттық-оқыту орталығы» АҚ ұсынған бұл жоба туралы егжей-тегжейлі ақпаратты Мемлекеттік мүлік реестрі www.gosreestr.kz веб-порталынан алуға болады.

>«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары