Демалыс аймақтарында өрттен сақ бол!

Демалыс аймақтарында өрттен сақ бол!

Демалыс аймақтарында өрттен сақ бол!
ашық дереккөзі
298

Әсем қала Алматының іргесінен орын тепкен орманды аймақ Үлкен және Кіші Алматы, Медеу, Ақсай, Қаскелең, Түрген шатқалдары ІлеАлатау Мемлекеттік Ұлттық табиғи саябағының құрамына кіретін ерекше қорғалатын табиғи кешен. Орман тұнған байлық пен ғажайып сұлулық кені, аңдар мен құстар мекені, қала берсе ауаны оттегімен қанықтырар таза ауа кенті екені бәрімізге мәлім.

Қазір күн жылып, тауға шығып демалушылардың саны да күннен күнге арта түсуде. Әсіресе шілде, тамыз айларында қала ішіндегі ыстық қапырыққа, еріген асфальттің иісіне, әрібері ызғыған машиналардың түтініне тұншыққан алматылықтар қала маңындағы сайлардағы орманшылықтарға жиі демалысқа шы­ғуына байланысты, ІлеАлатау Ұлттық табиғи Ұлттық саябағының орманшылары өртке қарсы дайындық ісшараны қолға алды. Алматы қаласы, Талғар, Қарасай аудандарының төтенше жағдайлар ұжым­дарының басшылықтарымен келісе отырып, өртке қарсы сақтық іс шараларының жоспары жасалды.

Барлық орман бөлімшелерінде жаяу және атты жасақшылар топтары құрылып, рациялармен, дүрбілермен жабдықталып, жол сілтегіш топографиялық карталармен қамтамасыз етілді.

Өрт сөндіретін автокөліктер толығымен жөндеуден өтіп, даярлыққа келтірілген, өрт­химиялық бекетінде күзетке қо­йылған. Орманшылықтарда жұмыс істей­тін инс­пекторлар өрттің алдын алу шаралары және өрт сөндіру кезіндегі техникалық қауіпсіздік ережелерінен сабақ алып, экологиялық ағарту маман­дарымен бірге халық арасында үгітнасихат жұмыстарын жалғастыруда. Барлық айналымдарда өрт сөндіретін құралжабдықтар сақталатын орындар қарастырылып, өз орындарына ілінген.

Құрметті Алматы қаласының тұр­ғындары, қонақтар! Өрт үлкен материалдық шығын әкелетін, кейбір жағдайларда адам өліміне әкеп соқтыратын тілсіз жау. Табиғат аясында демалғанда өрттен сақ болыңыздар! Отты тек суға жақын, тасты, құмды жерлерге жағыңыздар. Сөнбеген темекі тұқылын, шырпыны тастамаңыздар. Демалған орындарыңызды тазалап, жиылған қоқыс қалдықтарды өзіңізбен алып кетуді әдетке айналдырыңыздар.

Тау шатқалдарында өсетін әсем шырша, сұлу қарағайлар, дәрілік өсімдіктер өртке шалынбасын. Олар тек сұлулық символы ғана емес, планетамыздың өкпесі, дәрумендер, құрылыс материалдары қоймасы, жылу көздері. Кіндік қанымыз тамған туған жеріміздің қасиетті топырағы сіздерге күшқуат берсін.

Н.Қараубаева,

экологағартушы

Ж. Жарқын,

орман инженері

Серіктес жаңалықтары