«ЕЛІМ МЕНІҢ» – ЖАҢА МАУСЫМДА
«ЕЛІМ МЕНІҢ» – ЖАҢА МАУСЫМДА
Балапанды санайтын күз мезгілі де тақап қалды. Күз айлары басталған кезде отандық телеарналар көрермен назарына арнап, жаңа бағдарламалар әзірлеп ұсынады. Соның бірі – «Елім менің» жобасы. Отанын шексіз сүйетін азаматтар «Елім менің» телеойынында сынға түседі. Жаңа телемаусымда «Елім менің» жобасы көрерменнің көңілін баулау үшін барын салмақ.
Жаңа маусымда аталмыш бағдарлама аясында Ескендір Хасанғалиев, Сауық Жақанова, Ермахан Шайхы, Арыстанбек Әбілов, Марат Мәзімбаев, Аян Өтепберген, Меруерт Түсіпбаева, Бақыт Жұматова, Лұқпан Жолдасов, Сара Тоқтамысова, Қанат Әлжаппаров сияқты қатысушылар өздерінің патриоттығын сынайтын болады.
Жобаның жүргізушісі Мөлдір Әуелбекованы көрермен қауым жаңа қырынан танитын болады. Жүргізушілік шеберлігін шыңдап жүрген жұлдызға сұраныс та көбеюде. Ал Мұрат Қожа мен Қаракөз Тілеубекова өз топтарына көмек берудің жаңа әдістерін тапқан сыңайлы.
Көріпкел Бақыт Жұматова барлық сұрақтың жауабын білетін болса, белгілі сықақшы Қанат Әлжаппаров ойын барысында бірқатар танымал адамдарға пародия жасамақ.
Аталмыш жоба «Қазақстан» телеарнасында 2 қыркүйектен бастап, көрсетілетін болады.
Д. ДҮРМӘН