ОРТАҚ ТӘРТІП ҚАШАН ОРНАЙДЫ?

ОРТАҚ ТӘРТІП ҚАШАН ОРНАЙДЫ?

ОРТАҚ ТӘРТІП ҚАШАН ОРНАЙДЫ?
ашық дереккөзі
237

«Түркістан» газетіндегі «Қытай-қазақ жұмысшылары жұдырықтасты» (№34, 23 тамыз, 2012 жыл) деген мақаланы оқып отырып, қолыма қалам алдым. Бұдан түйгенім, Атырауда Sinopec Engineering компаниясының «Еуразия Құрылыс Капитал 2007» мердігер серіктестігінің жатақханасында қытайлық жұмыс­шы­лармен бірге тұратын қазақ жұмыс­шы­лары арасында төбелес болыпты.

Соңғы кезде осындай кикілжің тым көбейіп кеткен сияқты. «Қазақты анау соққыға жықты, мынау ұрып кетіпті» дегенді жиі естиміз. Неге?

Өз Отанымызда, туған жерімізде жүріп, неге басқа ұлт өкілдерінен таяқ жеуіміз керек? Бұған кім кінәлі? Жұмыс берушілер мен жоғары биліктегілер қайда қарап жүр? Білуімізше, еліміздегі ал­пауыт компаниялар қарамағындағы ше­т­ел­дік мамандарға жалақыны жоғары, ал жергілікті мамандарға аз төлейді екен. Бұл – дәлелденген нәрсе. Бұл мәселе баспасөз беттерінде талай рет көтеріліп келеді. Шынында да, айдаладан келген қытай 200 мың теңге алса, қазақ байғұс 60 мың теңге алады. Бұл әділетсіздік емей немене? Сол қытай істеген жұмысты қазақ та істейді емес пе? Жұмыс беруші компания өкілдері қазақты қор еткені ме, қалай?

Қазіргі таңда баспана мен жұмыс іздеп, ауылдан қалаға үдере көшіп жүрген қазақ отбасылары көп. Ал есесіне басқа ұлт өкілдері біздің елімізде жоғары жалақы алып, тайраңдап, ойларына келгенін істеуде. Телеарнаны қосып қалсаң, бізден бай мемлекет жоқ сияқты. Бәрі жақсы, бәрі керемет. Шындыққа келсек, қазақ халқының жарып жүргені шамалы. Мені мазалайтыны да, еліміздегі жұмыс беруші компанияларында ортақ тәртіп бола ма, жоқ па?

Шынар

Қарағанды облысы,

Шет ауданы, Ақшатау кенті

Серіктес жаңалықтары