БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛЫП КЕЛЕМІЗ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛЫП КЕЛЕМІЗ

БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ БОЛЫП КЕЛЕМІЗ
ашық дереккөзі
265

Елбасы еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру туралы тапсырма жүктеген болатын. Көздеген мұратқа да жететін күн алыс емес. Осы аптада әлемдік экономикалардың бәсекеге қабілеттілігі рейтингін анықтайтын Дүниежүзілік экономикалық форум Қазақстанға 51-орынды беріпті.

Айта кету керек, мак­роэ­ко­номикалық тұрақтылық бойынша еліміз 16-орынға табан тіресе, технологиялық дайындық бойынша 55-орынға көтерілді. Бір өкініштісі, Қазақстан денсаулық сақтау саласы мен бастауыш білім беру жөнінде 92-орында екен. Одан басқа инновацияны дамыту мәселесі де мәз емес. 103-орында тұрған біз үшін көптеген түйткілді шешу қажет. Дүниежүзілік экономикалық форумның жасаған баяндамасына сүйенсек, 2011-2012 жаһандық бәсекелестік рейтингінде Қазақстан 72-орында. Ал Ресей мен Қытай 67 және 29-орындарды иемденсе, рейтинг көшбасшылары ретінде әдеттегідей бірінші орынды Швейцария, екінші орынды Сингапур иемденген. Үшінші орын – Финляндияда. Сондай-ақ ондықтың ішіне Швеция, Нидерланды, Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Гонконг пен Жапония мемлекеттері жайғасқан.

Д. ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары