АЙТАРЫ КӨП ӘСЕМ ЖУРНАЛ

АЙТАРЫ КӨП ӘСЕМ ЖУРНАЛ

АЙТАРЫ КӨП ӘСЕМ ЖУРНАЛ
ашық дереккөзі
816

«АСТАНА». №4, 2012

Журналдың жаңа нөмірінде журналист Салтанат Сүгір «Ескі үйдің әні» мақаласында апатты жағдайдағы үйлерді бұзып, орнына жаңа көпқабатты үйлер салуды көздейтін жаңа пилоттық жобаның қыр-сырын таныстырады.

Журнал жанындағы «А-клуб» қоғамдастығына қатысушылардың қатары отызға жетті. Клубқа жаңадан белгілі публицист, саясаттанушы Кенжеболат Жолдыбай, әнші Маржан Арапбаева, филолог әрі отельер Бекжан Сүлейменов қосылды

«Боямасыз болмыс» блогы Әсем Қонысбектегінің «Бай баласы – бос белбеу» мақаласы мен Насихат Оспанованың елорда вокзалын төрт жылдан астам уақыт паналап келе жатқан Ерік атты үйсіз жігіттің тағдырын баяндайтын материалымен та­ныса алады. («Бәрібір тастамаймын Астанамды»).

Зіңгіттей қазақ жігіттерінің бойкүйездігі алматылық журналист Динара Ізтілеудің мақаласына өзек болды («Есік күзеткен еңсегей жігіттер»).

Марқұмдарға берілетін, сақалдылар саудаға салатын, таланттылар тыс қалатын Мемлекеттік сыйлықтың нарқы өнертанушы Әсия Бағдәулетқызының мақаласында қозғалады. Ал жас қаламгер Нұрлан Қабдайдың «Жынойнақ» новелласы жастарымыздың қалай сергелдеңге түсіп жүргенін суреттейді.

Журналдың «Қазақстан – Бақстан: 7 және 37 керемет» жобасы аясында Қорғалжың қопаның бірегей табиғаты фотосурет тілінде «сөйлейді».

«АСТАНА ПЛЮС» №4, 2012

Нөмір Елбасының бұрын-соңды беймәлім фотосуреттері туралы сыр шерте­тін «Тридцать мгновений весны президента» материалынан басталады.

«Мэры Астаны: кто есть кто» айдарымен жарияланған «Пятый» мақаласынан оқырман елорданың бесінші әкімі Иманғали Тасмағамбетовтың игі істері туралы біле алады.

Тек экспрессионизм бағытында жұмыс істейтін, туындыларынан қазақтың рухы сезіліп тұратын тұлға туралы білгіңіз келсе, «Личное пространство художника Бектиярова» очеркін оқыңыздар.

«Среда обитания» блогында оқырман­дарға «Замужем за иностранцем» эссесі ұсынылады. Отбасы тақырыбының жалғасы ретінде «аМоральный кодекс» айдарымен «Как найти пару» мақаласы жарияланып отыр.

Қазіргі заманда нәзік жандыларды нәзік деуге ауыз бармайды. Әйелдер жұмыс талғамайды. Шығыраншы, көлік жүргізуші, тіпті дәнекерлеуші де бола алады. Айгүл Түлекбаеваның сондай айрықша мамандық иесі – етікші әйел жайындағы «Женщина под каблуком» мақаласы «Антизвезды» айдарымен жарияланған.

«Как это было» айдарындағы публицист Валерий Могильницкийдің «Подвиг в степи» мақаласында «Қарметкомбинаттың» үздіксіз шойын құю цехының бірегей жабдығы қалай тасымалданғаны туралы әңгімеленеді.

Мақсат Тәж-Мұраттың «Таинственная Казахия» деректі жобасынан «Гольфстрим в тюркском океане: иудеи и «иудейское» сознание» тарихи очеркін оқи аласыздар.

Серіктес жаңалықтары