БӘЙГЕ ТАҒЫ БАСТАЛДЫ!

БӘЙГЕ ТАҒЫ БАСТАЛДЫ!

БӘЙГЕ ТАҒЫ БАСТАЛДЫ!
ашық дереккөзі
206

Қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлкен үлес қосып келе жатқан дәстүрлі халықаралық «Дарабоз» бәйгесі биыл сегізінші рет өткізілмекші. Сол себепті «ZHERSU» корпорациясы мен Қазақстан Жазушылар одағы бірлесіп бәйгенің талаптарын жария етеді.

Бәйгеге балабақша тәрбиеленушілері мен 1-8 сынып оқушыларына арналған прозалық, поэзиялық және сахналық шығармалар қабылданады. Повестер 20-25 беттен, әңгімелер, ертегілер 10 беттен, топтама өлеңдер, балладалар, ертегі өлеңдер, шағын поэмалар, сахналық қойылымдар 5-10 беттен аспауы шарт. Бәйгеге балабақша бүлдіршіндеріне арналған қысқа әңгімелерден, топтама өлеңдерден басқа тек бір ғана шығарма жіберілуі тиіс.

Шығармалар компьютерлік стандартқа сай 14 кегльмен (аралық 1,5) теріліп, үш дана етіп басылып, беттелуі қатаң талап етіледі.

Бәйге жабық бәйге түрінде өтетіндіктен, автордың бүркеншік атының анықтамасы, аты-жөні, мекен жайы, байланыс телефоны жазылған парақ кіші конвертке салынып желімделіп, сыртына тек бүркеншік аты ғана жазылады. Кіші конверт салынған үлкен конвертке үш дана шығарма салып желімдеп, сыртына мекен-жайы, бүркеншік аты немесе басқа бір лақап есім жазылуы керек.

Байқау шартына сай емес, бұрын жарық көрген, мерзімінен кешігіп келген шығармалар бәйгеге қатыстырылмайды. Бәйгеге барлық қаламгерлер, жас талапкерлер, шетелдегі қандастар қатысуына болады, тек бүгінгі қазақ әліпбиімен, яғни «кириллицамен» жазылуы міндетті.

Бәйгеге түскен шығармалар мына адрес бойынша қабылданады: 050008. Алматы қаласы, «Дарабоз» бәйгесіне. №010057505 куәлік иесіне.

Шығармалар 2013 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданып, бәйге қорытындысы халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында жарияланады.

Есенқұлқажы Маманов атындағы бас бәйге – 1 000 000 (бір милллион) теңге

Бірінші бәйге (екеу) – 375 мың теңгеден

Екінші бәйге (екеу) – 170 мың теңгеден

Үшінші бәйге (үшеу) – 110 мың теңгеден

Ынталандыру бәйгесі (төртеу) – 77 мың теңгеден.

Бәйге әділқазыларының шешімі тексерілуге жатпайды.

Байқау қорытындысы бойынша жүлде алған туындылар арнайы жинаққа топтастырылып, балабақша, мектеп кітапханаларына тегін таратылады. Кітап қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді.

Халықаралық «Дарабоз»

бәйгесінің ұйымдастыру комиссиясы

Серіктес жаңалықтары