БІЛІМДІЛЕР МЕН БІЛІКТІЛЕРДІҢ САЙЫСЫ

БІЛІМДІЛЕР МЕН БІЛІКТІЛЕРДІҢ САЙЫСЫ

БІЛІМДІЛЕР МЕН БІЛІКТІЛЕРДІҢ САЙЫСЫ
ашық дереккөзі
233

Мұрат Қожа бастаған «Арман» тобында, «Жұлдыздар отбасы» журналының бас хатшысы Марфуға Шапиян, әнші Таңат Мамырхан, «Базар жоқ» театрының актері Ерболат Төлегенов. Ал Қаракөз басқарған «Шалқар» тобында «Айқын» газеті бас редакторының орынбасары, жазушы, сатирик Ермахан Шайхыұлы, Талдықорған қаласынан келген, облыстық филармонияның әншісі Ләззат Жанаманова, «Тамаша» әзіл-сықақ театрының әртісі Саттар Ерубаев болып, өзара сайысқа түсті.

Алғашқы айналымда «Арман» то­бы­ның қатысушылары жылдам ойлау­ла­ры­ның арқасында алға шықты. Әсіресе, Ерболат мырзаның сұраққа берген әзіл аралас жауаптары көрермендерді күлкіге қарық қылды.

Қазақ тіліне арналған екінші айналымда Ермахан ағамыз тілге деген өз біліктілігін айрықша көрсете білді. Әсіресе, тұрақты сөз тіркестерінің баламасын тауып айтқаны көрермендерді таңғалдырмай қоймады. Вокалды–аспапты «Достар» тобының жасырған әндерін табуда әнші Ләззат өз ісінің маманы екендігін байқатты. Әрбір табылған ән топтың қоржынына екі ұпай алып келді.

«Уызқағанақ» – жаңа төлдеген қойдың сүтінен жасалған тағам. Ал «сойтал» – төрттен асқан ұрғашы жылқы. Бұл сөздерді екі топ бір-біріне жасыра отырып, дұрыс жауапты таба білді.

Естеріңізге сала кетейік, бағдарлама жеңімпаздарына «Қазақ энциклопедиясы» баспасы шығарған «Қазақстан тарихының төрт томдық энциклопедиясы», Сейіт Кенжеахметұлының «Қазақ салт-дәстүрлерінің энциклопедиясы» кітаптары тарту етіледі. Бұл теңдессіз, құнды кітаптар қазақ халқының шежіресімен қатар ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлерінен сыр шертеді.

Сайыс соңында екі топтың ұпайы тең түсті. Бірақ жеңіске бір ғана топ қол жеткізді. Ол қай топ екенін білгіңіз келсе, «Елім менің» бағдарламасының кезекті санын қазан айының 7-сі күні, сағат 21:30-да, «Қазақстан» Ұлттық арнасынан тамашалаңыздар.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары