КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК — БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК — БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ

КӘСІБИ БІЛІКТІЛІК — БӘРІНЕН ЖОҒАРЫ
ашық дереккөзі
435

Нұрахмет ҚУАТ

Елді еңбекқорлыққа шақырған Елбасының үндеуіне ұйыған компаниялар кәсіби біліктілікті, мамандардың қауіпсіздігін және жоғарғы көрсеткіштерді көздейді.

ҚР Президенті Н.Назарбаев: «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласында «2013 жылдан бастап қызметкерлерді Қазақстан Республикасының еңбек заңдары­ның негіздеріне оқыту жүйесін ұйымдастыру туралы мәселені 2012 жылдың 1 желтоқса­нына дейін әзірлесін; Еңбек кодексінің негізгі ережелері және еңбек қатынастарын реттейтін басқа да құ­қық­тық актілер жөніндегі жалпыұлттық анық­тамалықтардың бірыңғай серияларын шы­ға­ру мен таратудың, соның ішінде интернет пен мемлекеттік органдардың ресми сайт­тары­ның мүмкіндіктерін пайдаланудың жобасын әзірлесін. Кәсіптік біліктіліктің ұлттық жүйесі. Әрбір адам, соның ішінде, әсіресе, жастар белгілі бір кәсіптік саладан өз болашағын көргісі келетіндігін мойындау қажет. Бұл – өте қалыпты жағдай. Өйткені адам өзінің қайда бет алған­дығын анық көрген кезде ғана биікке қарай күш-жігермен ұмтылады. Сондықтан біліктіліктің ұлттық жүйесін (БҰЖ) құру жөніндегі барлық жұмыстарға барынша екпін берілуі қажет. Олар тек нормативтік маңызға ие болып қана қоймай, сонымен қатар, әрбір кәсіп үшін «жол картасы» да болуы қажет. БҰЖ әрбір мамандық бойынша кәсіпқойлық лифтіні «құрудың» мүмкіндігін береді. Оның үстіне білікті жұмысшылар ұлттық жүйеге енгізілуі тиіс. БҰЖ-ды құру үшін нормативтік базаның негіздері Еңбек кодексіне 2010 жылы енгізілген қосымшаларда қалыптастырылған. Алайда бұл үдерісті жеделдету керек. Қалыптастырылатын біліктіліктің ұлттық жү­йесінің ең басты мәселесі мынада: БҰЖ аясында әзірленген кәсіпқойлық үлгі-қалыптары оқу орындарында мамандар даярлау кезінде қабылданатын білім үлгі-қалыптары үшін бағдар болуы тиіс. Кәсіпқойлық және білім беру үлгі-қалыптарының арасында алшақтық болмауы керек. Еңбек ресурстарының жалпы рыногын құруды көздейтін Бірыңғай экономикалық кеңістік жағ­дайында үш елде біліктіліктің ұлттық жүйесін құру жұмыстарын үйлестіру қызметінің маңызы зор» деп ашық айтқан болатын. Осы орайда «Қазақмыс» тобы үстіміздегі жылдың алғашқы тоғыз айын қорытындылады. Ресми мәліметтеріне сүйенсек, компанияның өндіріс көлемі 285 тоннадан 295 тоннаға дейінгі мөлшерде катодты мыс өндірісінің жоспарлы жылдық көрсеткішіне қол жеткізуге мүмкіндік береді екен. 2012 жылдың үшінші тоқсанында меншікті концентраттан катодты мыс өндірісі 12 пайызға артып, 2012 жылдың 2 тоқсанындағы көрсеткішпен салыстырғанда 78,5 мың тоннаға дейін өсті. Меншікті концентраттан катодты мыс өндірісті 2012 жылдың 9 айы ішінде 213,1 мың тоннаны құрады. Өндіріліп шығарылған шикізаттан кенді және металды өндіру көлемі 2011 жылдың көрсеткіштерінен артуы жалғасып келеді. Қоңырат кенішін пайдалануға беру ісі сәтті аяқталды. Қосарлы өнімдер өндірісінің көлемі барлық металдар бойынша жылдық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізуге мүмкіндік беретін деңгейде сақталып отыр. 2012 жылдың 9 айы ішінде концентраттағы мырыш өндірісі 112 мың тоннаны құрады. Қымбат металдар зауытындағы жөндеу жұмыстарының аяқталуы арқасында күміс пен алтын өндірісі қалпына келіп, 2012 жылдың 9 айы ішінде тиісінше 9 004 және 89,9 мың унцияны құрады. Kazakhmys Power бөлімшесінің жоғарғы көрсеткіштері: Екібастұздың ГРЭС-1 станциясында электр энергиясының таза өндірілімі 2012 жылдың 2 тоқсанымен салыстырғанда үшінші тоқсанында 8 пайызға өсті. Бұл ішкі нарықтағы үнемі артып келе жатқан сұраныстардың есебінен, 2012 жылдың 2 тоқсанында операциялық блоктарға техникалық қызмет көрсету жұмыстарының аяқталуы нәтижесінде мүмкін болды. Алтыншы энергоблокты іске қосу жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде және жыл соңында аяқталып, электр станциясының қуаттылығын 20 пайызға, яғни 3 000 МВт-қа дейін артады. Топ өзінің мықты қаржылық деңгейін сақтап отыр. 2012 жылдың үшінші тоқсанында тауар-материалдық қорлардың қысқаруынан сату көлемі өсті. Операциялық іс-қызметтен түскен қаржы ағыны таза берешек деңгейіне оң әсер етті. Таза берешек мөлшері 2012 жылдың 30 қыркүйегіндегі жағдай бойынша 462 млн. АҚШ долларын құрайды. Басқарушы бас директор Олег Новачук: “Өндіріс көлемі өсіп келеді және ол біз жыл басында межелеген жылдық жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік беретін деңгейде тұрақталды. Энергетикалық бөлімшеміз еліміздің ішкі энергетикалық нарығындағы тұрақты сұраныстың арқасында өндіру мөлшерін ұлғайта отырып, жоғары көрсеткіштер көрсетіп келеді. Мыс өндірісінің нәтижесі тәуір және өндірісті ұлғайту жөніндегі жобаларымызды жүзеге асыру жұмысы табыс­ты жалғасын табуда. Біз жыл соңында өз қызметіміздің нәтижесін ұсынуға әзірміз”, – деп мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары