Ғалымдар міндетті түрде 8 сағат ұйықтау керек деген қағиданы жоққа шығарды
Сонымен қатар, профессор демалыс күндері қосымша ұйықтау денсаулыққа пайдалы екені анықталғанын айтты.
Қытай зерттеушілері жүргізген зерттеу адамға демалыс күндері ұйықтаған да пайдалы екенін көрсетті, бұл қауіпті аурулардың дамуын азайтуға көмектесуі мүмкін. Сондай-ақ адамдардың көбі күн сайын қанша сағат ұйықтау керек екені туралы қалыптасқан түсінікке сенеді, алайда ғалымдар бұл "мифті" жоққа шығарды. Бұл туралы The Mirror жазды.
Адамдар тәулігіне кемінде 8 сағат ұйқы қажет деп есептейді. Енді Қытайдың Ұлттық жүрек-қан тамырлары аурулары орталығының зерттеуі Еуропалық кардиология қоғамының конференциясында ұсынылып, адамның әдетте жеті мен тоғыз сағат арасында ұйықтауы керек екенін дәлелдеді.
Лафборо университетінің құрметті профессоры Кевин Морган бұл зерттеу сегіз сағаттық ұйқы жайлы ұғымды өзгертетініне тоқталды.
"Бұл зерттеу тағы міндетті түрде 8 сағат ұйықтау керек деген мифті жоққа шығарады. Егер нақты бір сан айту керек болса, адамдардың көпшілігіне 7 мен 9 сағат аралығында ұйқы қажет, бірақ әрдайым ерекшеліктер бар," - деді ол The Times газетіне берген сұхбатында.
Сонымен қатар, профессор демалыс күндері қосымша ұйықтау денсаулыққа пайдалы екені анықталғанын айтты. Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, демалыс күндері ұзақ ұйықтаудың пайдасы зор екені анықталды, және бар болғаны 1.28 сағаттық қосымша ұйқының өзі адамға оң әсер ететіні анықталды. Ұйқының жеткілікті болуы жүрек ауруының қаупін азайтумен байланысты.
Зерттеудің жетекші авторы Яньцзюнь Сонг: "Жеткілікті компенсаторлық ұйқы жүрек ауруларына ұшырау қаупін төмендетеді. Бұл әсіресе жұмыс күндері жеткілікті ұйықтамайтын адамдардан айқын көрінеді," - деп түсіндірді.
Апта бойы аз ұйықтаған адамдар демалыс күндері көбірек ұйықтаса, бұл олардың денсаулығына пайдалы болады дейді зерттеушілер. Ұйқының жеткіліксіздігі денсаулыққа ғана емес, күнделікті өмірге де әсер етеді.