АДАМ САУЛЫҒЫ АҚША КӨЗІНЕ АЙНАЛМАСЫН

АДАМ САУЛЫҒЫ АҚША КӨЗІНЕ АЙНАЛМАСЫН

АДАМ САУЛЫҒЫ АҚША КӨЗІНЕ АЙНАЛМАСЫН
ашық дереккөзі
210

Азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, халықты таза өнімдермен қамтамасыз ету мәселесі ешқашан назардан тыс қалған емес. Дегенмен жыл сайын аусыл, құс тұмауы секілді жұқпалы дерттердің пайда болып, тағамдардан уланған жандар санының азаймауы бұл күрделі мәселенің әлі толық шешімін таппай отырғанын айғақтайды.

Түйінді тақырыпты талқыға салған әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің мамандары да кемшіліктің астарына үңілуге тырысқан болатын. Дөңгелек үстелге қатысушы Гүлнар Айғаринованың айтуынша, нарықтық заманда жеке басының пайдасын ойлаған кәсіпкерлер тұрғындардың денсаулығына атүсті қарауды әдетке айналдырған. Еліміздің заңдарына сәйкес, азық-түлік қауіпсіздігін сақтамағандарға жауаптылық көзделгенмен, табыс табу үшін көкөністерге түрлі нитраттар, зиянды қоспалар қосатындар баршылық. Құзырлы орындар тарапынан тексергенде тіпті сусындардың өзінен бояғыш заттар, консерванттар, қышқылды төмендетуші құралдардың шамадан тыс мөлшерде қолданылатыны анықталған. Осыған орай ғалым, халықтың денсаулығына қиянат жасамау үшін Еуропа, АҚШ елдерінің тәжірибесін негізге алу керектігін айтып отыр. Бұл елдерде өнімдердің адам ағзасына зияндылығын тексеретін арнайы стандартталған жүйесі жолға қойылған. Қазіргі кезде азық-түлікпен қамтамасыз етудің қауіпсіздігі дүние жүзі бойынша өте күрделі мәселе. Әсіресе, ғалым С.Батырбекова сырттан тасылатын өнімдердің сапасына көп көңіл бөлу керектігін айтып, жауапкершілікті арттырып, қадағалауды көбейтпей, қауіп көзін жою мүмкін еместігін тілге тиек етті. Дөңгелек үстел барысында мәселенің құқықтық астарына да мән беріліп, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау саласындағы заңдарға өзгертулер мен толықтырулар енгізу, осылайша, қауіпті өнімдерді нарықтан алыстаудың жолдары қарастырылды. Және адамның денсаулығын ақша табудың көзіне айналдырғандарға заң жүзінде тосқауыл қою керек.

Гүлдана ҚУАНАЛИЕВА,

доцент

Серіктес жаңалықтары