«АСТАНА» ЖУРНАЛЫНЫҢ АЙШЫҚТЫ БЕТТЕРІ

«АСТАНА» ЖУРНАЛЫНЫҢ АЙШЫҚТЫ БЕТТЕРІ

«АСТАНА» ЖУРНАЛЫНЫҢ АЙШЫҚТЫ БЕТТЕРІ
ашық дереккөзі
265

Астана №5

Журналдың бұл жолғы нөміріндегі Smart City айдарынан Астананың су құбырларындағы апаттың алдын алып, су шығынын бақылайтын жаңа технология туралы оқи аласыздар.

Журналист Салтанат Қазыбаева «Елорда жолдары. Бір адым алға, екі адым кейін» мақаласында жол жөндеу жұмыстарындағы кемшіліктерді сынға алады.

Журнал жанындағы «А-клуб» қоғамдастығына жаңадан жеті адам мүше болды. Журналдың қазақша нұсқасынан «Нұр Отан» ХДП Астана қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Жаңабергенов, Оқушылар сарайының директоры, суретші Ұмсын Арқабаева, кәсіпкер, «Төбет – қазақы ит» қорының төрағасы Данияр Дәукейдің сұхбаттарын оқи аласыздар.

Сондай-ақ «А-клуб» қоғам­дасты­ғының Қарқаралыдағы, «Тасбұлақ» тау отеліндегі демалысы туралы есеп беріліп отыр.

«Боямасыз болмыс» блогында журналист Әділбек Жапақ әке кәсібіне мұрагерлік етіп, еңбеккерлер табын түзудің қалып бара жатқандығын («Қамшыұстар»), журналист Раушан Төленқызы опера әншісі Майра Мұхамедқызы мен қарапайым кәсіпкер Гүлнәр Патполлақызының бала күннен үзілмей келе жатқан достығын («Жанқұрбы») өзекті әңгіме арқауы қылды.

Өмірдің қиындықтарынан қашып, өзін балаша ұстайтын, бала-шаға әуес ертегі, компьютерлік ойындарға құмартатын ересектердің жайы журналист Жадыра Шамұратованың материалында қозғалады («Карлсондар мен кидалттар»).

«Құлқынның құлы» фотожобасында фотограф Айнагүл Наурузова обыр мен оқымыстының, ішкіш пен шылымқордың, дүкеннің сөресін, өзінің қалтасын жылан жалағандай қылатын шопоголиктің портретін жасады.

Астана плюс, №5

1 желтоқсан Тұңғыш президент күні болып жарияланды.

Нөмір публицист Валерий Могиль­ницкийдің Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаевтың еңбек жолынан сыр шертетін, әріптестерінің естеліктерінен құралған «Во имя жизни» мақаласымен ашылып отыр.

«Шаһар» блогында «Бірінші жақтан» мемлекеттік қазынасын желге ұшырмау мәселесін қозғап, Астананы сумен қамтамасыз етудің балама жолын ұсынған Су ресурстары комитетінің төрағасы Ислам Әбішевтің сұхбатын оқи аласыздар («Деньги не пахнут, а тонут»).

«А-клуб» қоғамдастығының мүшелер саны 37-ге жетті. Жобаға Moto-Roller тобының жетекшісі Ильяс Аутов, «Казахстанская правда» газетінің шеф-редакторы Сәбит Малдыбаев, актриса Лейло Бекназар-Хайнинга, Қазақстанның тәуелсіз кәсіпкерлер одағының президенті Талғат Акуов қосылды.

Қазан айында «Дипломат» отелінде а-клубтықтардың алтыншы кездесуі өтті. Сондай-ақ Star Cinema кинотеатрында Ренат Давлетьяровтың «Стальная бабочка» фильмінің жабық көрсетіліміне қатысты.

Нөмірдің тақырыбы – «Страна и мир», яғни қазақстандықтар өздерін, елді өзге ел арқылы тануға тырысады.

Қыркүйек айында редакцияның өкілтобы Астанамен бауырлас қала – Қазанға, татарстанға сапар шегіп қайтты. Блокта Қа­занның мэрі Ильсур Метшинмен сұхбат («Братья по разуму»), үш жылда мемлекеттік инвестицияны қайтарып, нөлдік кезеңнен пайда табуға көшкен Қазан IT-паркі («Интеллектуальный дом»), мыңжылдық тарихы бар шаһардың 2013 жылғы Универсиадаға дайындығы («Спортивная столица»), мұсылман кинофестивалі және мұсылман әйелдерінің дефилесі туралы («Совсем другое кино», «Хиджап вне моды») мақалалар жарияланды.

«аМоральный кодекс» айдарында құмар ойындарға байланып, зорға құтылған алматылық Диас Байдилов басынан өткерген хикаясы («Мой личный опыт игрока»), әнші болудың алғашқы сатыларын басынан өткерген, өтіп көрген журналист Жанна Өтеулинованың репортажы («Родилась звезда»), журналист Салтанат Қазыбаеваның әлеуметтік жағынан аз қорғалған еркектер мәселесі («Защитим мужчин») мен травести-әртістермен жасаған эксклюзив сұхбаты («Другая Астана: women-дивы») «Астана» блогынан оқыңыздар.

«Изолинии» айдарынан француз қызымен бас қосқан қазақ жігітінің хикаясын («Денада»), «Вивисектор» айдарынан павлодарлық журналист Әсемгүл Қасенованың чайлд-фри, яғни бала сүйгісі келмейтін ерлі-зайыптылар туралы мақаласын оқи аласыздар («Дети? Нет, не слышали»).

«Как это было» айдарында Валерий Могильницкий Сталиннің қандықол көмекшісі, Горкий, Куйбышев, Чичерин сияқты тұлғалардың құпия өліміне қатысы бар Генрих Ягода туралы тарихи-танымдық мақаласын ұсынады («Лаборатория смерти Ягоды»).

«Жизнь&Легенда» айдары аясында «Қазақстан» газетінің шығарылуына қаржылай көмектескен Әзірбайжан ұлтының қайраткері, миллионер, меценат Зейнелғабиден Тағиевтың тағдырымен танысыңыздар. Ол 101 бөлмелі сарайда тұрып, 101 жасында дүниеден озды. Сандар сиқыры – ашылмаған құпия.

«Чтение» айдарымен Салтанат Қа­зы­баеваның «Человек с маленькой буквы «эн» атты футурологиялық сипаттағы әң­гімесі жарияланды.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары