ӘЗІЛКЕШТЕР МЕН АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРДЫҢ ТАРТЫСЫ

ӘЗІЛКЕШТЕР МЕН АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРДЫҢ ТАРТЫСЫ

ӘЗІЛКЕШТЕР МЕН АЙТЫСКЕР АҚЫНДАРДЫҢ ТАРТЫСЫ
ашық дереккөзі
228

«Елім менің» жобасында өздерінің ел туралы білімдерін көрсеткісі келетін адамдардан қатысуға деген сұраныстар көптеп түсіп жатыр. Олар қаншалықты патриот екендіктерін ел алдында сынға салмақ.

Мұрат Қожаның «Намыс» тобында айтыскер ақын Сара Тоқтамысова, Алматы қаласы бокс федерациясының президенті Амалбек Тшанов, жас режиссер Шапағат Орынбаев бар. Ал Қаракөз Тілеубекованың «Жігер» тобында «Жігіттер» тобының әншісі Айдар Байжанов, «Базар жоқ» театрының актері Қанат Әлжаппаров және тележүргізуші Сая Меңдеке бақ сынады.

Ойын барысында Амалбек аға­мыз көп жерде көрегендік танытып, жастарға жол берсе,­ ал Айдар әндерді табуда көрер­мен­дерге өз ісінің маманы екендігін дә­лелдеді.

Сая журналист ретінде екін­­ші айналымда тілге деген біліктілігін көрсетуге тырысты. Кезінде көңілді тапқырлар клубында көзге түсіп, бүгінде танымал әзілкеш атанып жүрген Қанат пен Шапағаттың әзілдері көрермендерді күлкіге қарқ қылды.

Естеріңізге сала кетейік, бағ­дар­лама жеңімпаздарына «Қазақ эн­циклопедиясы» баспасы шы­ғарғ­ан «Қазақстан тарихының төрт томдық энциклопедиясы», Сейт Кенжеахметұлының «Қазақ салт-дәстүрлерінің энциклопедия­сы» кітаптары тарту етіледі. Бұл теңдессіз, құнды кітаптар қазақ халқының шежіресі мен қатар ұлттық киімдері, тағамдары, салт-дәстүрлерінен сыр шертеді.

Қанат Әлжаппаров ойын барысында кімге пародия салғанын білгіңіз келсе, 2 желтоқсан күні, сағат 13:30-да Қазақстан Ұлттық арнасында «Елім менің» теледуманын көруге асығыңыздар.

Торғын ӘБУШАХМАН

Серіктес жаңалықтары