AIRBUS A321 ҰШАҒЫ – ҚАЗАҚСТАНДА

AIRBUS A321 ҰШАҒЫ – ҚАЗАҚСТАНДА

AIRBUS A321 ҰШАҒЫ – ҚАЗАҚСТАНДА
ашық дереккөзі
505

Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күні қарсаңында қазақ жеріне еуропалық авиақұрылыс концерннің зауытынан тікелей Airbus A321 алғашқы меншікті әуе лайнері келіп қонды. Бұл – Эйр Астана ұлттық әуетасымалдаушы компаниясы Airbus концернінен сатып алған Airbus A320 тобының алты әуе лайнерінің біріншісі. Ұшақтарды сатып алу туралы келісім 2008 жылы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Францияға ресми сапары кезінде жасалған. Әуекомпания өкілдерінің айтуын­ша, бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихындағы жаңа коммерциялық әуе лайнерлерін сатып алуға арналған бірінші келісімшарт және еліміздің азаматтық авиацияның алға басуына үлкен қадам.

Каталогқа сәйкес әуе лайнерлерінің жалпы бағасы 500 млн. АҚШ доллардан асады. Ұшақтар «Эйр Астана» әуекомпаниясымен мемлекеттік бюджеттен қаражатты тартусыз және мемлекеттік кепілдемелерісіз кәсіпорынның өзінің және қарыз қаражатының есебіне сатып алынады. Сатып алу Royal Bank of Scotland Германияның, Францияның және Ұлыбританияның экспорттық-кредиттік агенттіктерінің қолдауымен қаржыланды. Бұл үдерісте әуекомпанияларға арналған авиациялық техниканы сатып алуды қаржыландырудың оңтайлы шарттарын қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының 2008 жылы халықаралық Кейптаун конвенциясына қосылуы демеу берді.

«Airbus A321 тұнғыш реактивті әуе лайнерінің келуі – әуекомпания және жалпы мемлекет үшін маңызды оқиға. 2002 жылы жарғы капиталы 17 млн. АҚШ долларды құраған әуекомпания үшін бұл бақытты күн, өйткені біз жарты миллиард АҚШ долларына астам әуе лайнерлерін сатып алу үшін жеткілікті қаржы тұрақтылыққа жеткенімізді мақтан тұтамыз. Енді әуекомпанияның 10-жылдығына біз ҚР азаматтық авиация тарихында жаңа парағын аштық, – дейді «Эйр Астана» АҚ президенті Питер Фостер. – Бірінші әуе лайнері Тұнғыш Президентінің күнін мерекелеу қарсаңында келгені жақсы ырым, өйткені Қазақстанның ұлттық әуе тасымалдаушысы оның қатысуымен құрылған болатын. Біз Елбасыға әуе лайнерлерін әлемдік авиақұрылыс көшбасшылардан сатып алуды қолдағандығы және Қазақстан Рес­публикасын Кейптаун Конвенциясына қосуы туралы жарлыққа қол қойғандығы үшін шын алғысымыз бен құрметімізді білдіреміз. Осының барлығы бізге Ор­талық Азия мен Үндістанда көшбасшы болуға ғана емес, әуе тасымалының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік туғызады».

Жаңа әуе лайнері қазіргі маршруттық желі бойынша Ресейге, Түркияға, Үндістанға, Қытайға және басқа елдерге қатынайды.

Дана БЕКТАСОВА

Серіктес жаңалықтары