ҮЛГІЛІ ЖОЛДЫ ТАПҚАНДАР

ҮЛГІЛІ ЖОЛДЫ ТАПҚАНДАР

ҮЛГІЛІ ЖОЛДЫ ТАПҚАНДАР
ашық дереккөзі
386

Алматы қаласы, Оқушылар сарайында «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы үздік түлектерді марапаттады. «Біз еліміздің болашағына қызмет етуге әзірміз» атты тақырыптың аясында өткен шараға алып шаһардағы кәсіптік лицей, колледждің ең білімді деген жастары жиналды.

Алғашқы сөзді алған Алматы қалалық Білім басқармасы бастығының орынбасары Жарас Сандыбаев бүгінде кәсіптік колледждерде білім алатын жастардың көбейіп келе жатқандығына ерекше екпін түсірді. «Әсіресе, соңғы кезде елімізде кәсіптік білім саласына көңіл бөлінуде. Бір айта кетерлігі, кәсіптік колледждердің көпшілігі Алматы қаласында. Бүгінгі болып жатқан үздіктер шеруін өткізуіміз де сондықтан. Кәсіптік білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымына артылатын жүк те көп. Елбасы Н.Назарбаевтың өзі де кәсіптік білім деңгейін дамытуды қолға алуда. Бұған біз де атсалысуымыз керек», – деді ол.

Ал «Нұр Отан» ХДП-ның Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Әділ Несіпбаев: «Шәкіртін тапқан ұстаз бақытты, ұстазын тапқан шәкірт бақытты» демекші, міне бүгін жеңіс пен жемістің дәмін тататын күн. Бүгін ата-аналар үшін де бақытты сәт. Ертеңгі күні еліміздің көк байрағын жоғары ұстайтын жастарды тәрбиелеу баршамызға жүктелген міндет. Жастар – еліміздің тірегі. Елбасы да Жастардың ІІ форумында ел басқарудағы жауапкершілікті сезінетін жастар бар екенін айтты. Демек, Мағжан Жұмабаев айтқандай, біз жастарға сенеміз! Білімділік пен біліктіліктің арқасында 2017 жылы ЭКСПО көрмесін өткізу бізге бұйырды» деген ол әсерлі кеште жас түлектерге, үздік жастарға партиялық билеттер табыс етті.

Динара ДҮРМӘН

Серіктес жаңалықтары