БОЗДАТЫП КЕТТІ БОЗДАҚТАР
БОЗДАТЫП КЕТТІ БОЗДАҚТАР
Қазақ елі орны толмас ауыр қазаға ұшырады. Шымкент маңында өртеніп кеткен ұшақта 27 арыс мезгілсіз ажал құшты. Құлаған ұшақпен бірге жанып кеткен 27 адамның көпшілігі – жоғары шенді әскерилер. Араларында Республикалық Шекара қызметінің бастығы да бар.
Жылдың аяқталуына санаулы күн қалғанда Қазақ елі қара жамылды. Шымкент қаласынан 20 шақырымдай жерде Ан-72 ұшағы апатқа ұшырап, борттағы 27 әскеридің барлығы қаза тапқан. Олардың арасында Республикалық шекара қызметі бастығының міндетін атқарушы Тұрғанбек Стамбеков те болған. «Арқанкерген» шекара бекетіндегі қанды оқиғадан кейін отставкаға кеткен Нұржан Мырзалиевтің орнына келген марқұм әріптестерімен бірге Астанадан Шымкентке іссапарға келген екен. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері таратқан ресми ақпаратта 25 желтоқсан күні сағат 19.01-де құлаған ұшақтың жанып жатқаны туралы дерек түскені айтылған. Оқиғаны көрген «Тассай», «Жаңа талап» ауылының тұрғындарының айтуынша, сау-тамтығы қалмаған ұшақтың қалдығы мен адам денелерінің бөлшектері жерде шашылып жатқан. Шамамен 800 метрлік биіктіктен құлаған Ан-72 типті ұшақтар апатқа бірінші рет ұшырап отырған жоқ. АН-72 ұшағы (NATO-ынан берілген атау «Coaler», яғни «көмір тасушы». 68 жолаушыға арналған әскери-транспорттық ұшақ 1970-жылдардың соңында Ресейде жасалған. Двигательдерінің орналасуына қарай «Чебурашка» атап кеткен. 90-жылдардан бері 5 рет апатқа ұшыраған ұшақтың салдарынан жалпы саны 104 адам қаза тапқан. 1994 жылы Ресейдің Воркрута қаласында Ан-72 биікке көтерілуде гидрожүйе істен шығып, жерге қонар сәтте жолақтан ауытқып кеткен. 1995 жылы сынақтан өту кезінде Ан-72 өзімен қатар ұшқан Ан-70 ұшағымен соғысып қалып, Гостомельде апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. 1996 жылы Ресейдегі Нагурскоеда жерге қонар сәтте жарылып кеткен. 1997 жылы Атлант мұхитының үстінде жүрген Ан-72 ізім-қайым жоғалып кеткен. Мамандар Анголаның әскерилері атып түсіруі мүмкін деген болжам айтады. 2000 жылы Лузамбада экипаждың ұшу ережесін сақтамауы салдарынан жолдан ауытқып кеткен. 2002 жылы Ваменада Ан-72 ұшағының тұмсығы жерге тиіп, өрт болған. Соңғы рет болған апат – күні кешегі Шымкент маңында болған қайғылы жайт.
Шымкент маңында құлаған Ан-72 ұшағында 7 экипаж мүшесі, 20 әскери болған. Соңғы кездері ҚР Парламент депутаттарымен бірге отандық шекара қызметіне қатысты мәселелерді талқылауда аса белсенділік танытқан Тұрғанбек Стамбеков шекара қызметінің қыр-сырын жетік білетін маман болатын. Әскери сала қаймақтарының бір ұшақтан табылу себебі, Ан-72 сол күні кешке Шымкентке қонып, ертесінде Өзбекстанда өткізілетін шекара қызметкерлерінің кеңесіне аттануы тиіс еді. Апаттың нақты себептері әзірге анықталған жоқ. Алдын ала болжамдар ауа райының қолайсыздығы себеп болуы мүмкін екендігін айтады. Оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабы бойынша «Ұшу немесе оған дайындық ережелерін бұзу») қылмыстық іс қозғалған
Өкінішке қарай, әскерилер қазасына қатысты қайғылы жайт биылдыққа үш ??? ??????????. рет қайталанды. 2012 жылдың 22 тамызында Астана маңында апатқа ұшыраған ҚР Қорғаныс министрлігіне тиесілі Ми-17 тікұшағының бортындағы 4 офицер тіл тартпай кеткен. 2012 жылдың 29 қарашасында «Евро Азия-Эйр» ЖШС-не тиесілі Ми-8 тікұшағының қалдығы мен 8 экипаж мүшесінің мүрделері Алматы облысының Алакөл ауданынан табылды. Алакөлге құлаған тікұшақты бірнеше күн бойы іздеп таба алмай, тіпті, Франциядан көмек сұраған едік.
26 желтоқсан күнгі отырысты бір минут үнсіздікпен бастаған Мәжіліс депутаттары отандық қорғаныс саласына тиесілі барлық техниканы қайта тексеруден өткізіп, жаңарту-жаңғырту жұмыстарын жүргізу керектігін айтты. Ал Қазақстан Республикасының азаматтарына халық қалаулылары қаза тапқан арыстарды аза тұтуға, Жаңа жылдық мерекелік шараларды тойламауға, құрбандардың отбасы мен туғандарына моральдық тұрғыда жан-жақты қолдау көрсетуге шақырды.
2012 жылдың 25 желтоқсанында қаза тапқандар:Экипаж командирі – майор Нұрахметов Марат ТұрсынұлыШтурман – майор Голубев Олег АлександровичАға бортмеханик – капитан Үсенов Марат ЕркенұлыКомандирдің көмекшісі – аға лейтенант Лұқпанов АсланАға бортмеханик – прапорщик Вологжанин Александр ПетровичАға бортмеханик – сержант Мысаев Ренат ҚанапиянұлыБорт жолсерігі – сержант Доланбаева Гүлнұр ЖүнісқызыҚР Ұлттық қауіпсіздік кеңесі Шекара қызметінің директоры Стамбеков Тұрғанбек МұхаметқалиұлыШекара қызметі Бас басқармасы бастығының міндетін атқарушы Нұрлашев Ерғали Нұрғазинұлы«Оңтүстік» Аймақтық басқарма бастығының міндетін атқарушы Доценко Павел Михайлович«Оңтүстік» АБ бастығының орынбасары полковник Базарбаев Қайрат КүлкешұлыШекара қызметі бөлімінің бастығы Қабдылғазезов Қанатбек ТоқтарбекұлыШекара қызметі бөлімінің бастығы полковник Махаев Ерлан МейрамбекұлыШекара қызметінің аға кеңесшісі подполковник Дмитриев Александр Игорьевич«Леңгір» Шекаралық бақылау бөлімі штабының бастығы подполковник Кущь Валерий НиколаевичИнженерлік-саперлік батальон бөлімінің командирі подполковник Қожахметов Бауыржан Зарқұмұлы«Меркі» Шекаралық бақылау бөлімінің бастығы Ыбыраев Алмас ШаймұхаммбетұлыШекара қызметін қамтамасыз ету және күзет комендатурасының коменданты подполковник Досыбеков Сәулебай Сатыбалдыұлы«Оңтүстік» шекара отрядының бастықтары:подполковник Рахман Вячеслав Александровичподполковник Рахман Александр Александровичподполковник Мұхамадиев Қайрат Ахметқалиұлыподполковник Шоқанов Аманбек Пердешбекұлыподполковник Айтманбетов Асуан Бақбергенұлы«Оңтүстік Аймақтық басқармасының әскерилері»:аға лейтенант Филипко Анатолий Олеговичаға сержант Қонақбай Мақсат Жұмабайұлыкіші сержант Вязиков Павел КонстантиновичСтамбекова Сәуле Айтмұханбекқызы
Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ