БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ БАҒАЛАНДЫ

БАҚЫЛАУ БЕКЕТТЕРІ БАҒАЛАНДЫ

БАҚЫЛАУ  БЕКЕТТЕРІ БАҒАЛАНДЫ
ашық дереккөзі
334

Жуырда Партияның орталық аппаратында «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Ең үздік партиялық бақылау бекеті және Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша ашық байқауларының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясы ашық байқаулар өткізе отырып, азаматтар бойында саяси белсенділікті, ұжымшылдық, жауапкершілік және борыштылық сезімдерін дамытуды көздейді. Әлеуметтік маңызды мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысына партиялық бақылауды күшейту бойынша Елбасы, партия Көшбасшысы Нұсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес «Нұр Отан» партиясы 2012 жылы 3169 партиялық бақылау бекетін құрған болатын. Бекеттердің қызмет етуінің нәтижесінде 2012 жылы 3500 тәртіп бұзушылық айқындалды. Бекеттердің қызметі айқындалған түйткілдер мен кемшіліктерді жоюға ықпал жасайды.

Байқаудың Қазылар алқасы әлеуметтік маңызды бағдарламалардың объектілеріндегі құрылыс және жөндеу жұмыстарына бақылау жасаушы бекеттердің қызмет ету нәтижесіне қарай 15 партиялық бақылау бекетін таңдаулылар деп іріктеп алдыЖеңімпаздар арасында «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы бойыншаӘлиақпаров Арман Ержанұлы, «Павлодар қаласындағы 50 орынға арналған Аймақтық кардиохирургия орталығының құрылысы» объектісіндегі партиялық бақылау бекетінің басшысы (Павлодар облысы); «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын жаңғырту», «Ақ бұлақ» бағдарламалары бойынша: Қондыбаев Сәкен Омарәлиұлы, «Койбақов көшесі, №6 мекен-жайы бойынша көппәтерлі үйдің жабынын жөндеу» объектісіндегі партиялық бақылау бекетінің басшысы (Жамбыл облысы);«Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму» бағдарламасы бойынша:Сансызбаев Арыстанғали Қадырұлы, «Қапшағай қаласында жылыжай құрылысы» объектісіндегі партиялық бақылау бекетінің басшысы (Алматы облысы);«Бірыңғай Ұлттық денсаулық сақтау жүйесі» бағдарламасы бойынша:Смышляева Екатерина Васильевна, «Қостанай перинаталды орталығы» объектісіндегі партиялық бақылау бекетінің басшысы (Қостанай облысы);«Әлеуметтік маңызды аймақтық бағдарламалар» бағдарламасы бойынша:Сапаров Акылбай Есполұлы, «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміндегі бекет» объектісіндегі партиялық бақылау бекетінің басшысы (Алматы қаласы). Жемқорлықпен күрес жұмысының тиімділігін арттырып, қоғамның жемқорлыққа қарсы көзқарасын және жемқорлыққа деген төзімсіздікті нығайту және партияның жемқорлыққа қарсы қызметін насихаттау мақсатында Жемқорлыққа қарсы ең үздік плакат бойынша ашық байқау өткізілді. Байқауға 355 автордан жемқорлыққа қарсы 467 плакат келіп түсті, соның ішінде мектеп оқушылары мен студенттердің, өнерсүйер қауым мен кәсіби суретшілердің жұмыстары бар. Облыстық, Астана және Алматы қалалық партия филиалдары үздік жұмыстарды іріктеп, оларды республикалық Қазылар алқасының қарауына жолдады. Қазылар алқасы келесілерді жеңімпаздар деп айқындады:Кузнецова Лилия Леонидовна Өскемен қаласы № 19 орта мектебінің сурет және сызу пәндерінің мұғалімі, «Мы против коррупции, присоединяйся!» плакаты үшін бірінші орынға ие болды; Төлегенов Қуандық Сәкенұлы, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының № 1 орта мектебінің 10 сынып оқушысы, «Нұр Отан» жемқорлыққа қапқан» плакаты үшін екінші орынға ие болды; Қасымова Самира Серікқызы, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы «Тәрбие орталығының» әдіскері, «Жемқорлықсыз әлем – бейбіт күн!» плакаты үшін үшінші орынға ие болды. Байқау жеңімпаздарына ақшалай сыйлықтар мен дипломдар тапсырылды. Жеңімпаздарды Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің төрағасы Оралбай Әбдікәрімов пен «Нұр Отан» ХДП Партиялық бақылау комитетінің төрағасы Рақымбеков Боран Ғизатұлы құттықтады.

«Түркістан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары