ЕҢ ҮЗДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ – ҚОСТАНАЙДА

ЕҢ ҮЗДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ – ҚОСТАНАЙДА

ЕҢ ҮЗДІК ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ БӨЛМЕСІ –  ҚОСТАНАЙДА
ашық дереккөзі
219

«Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелері жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір алтын арқау десек те болады. Бүгінгі таңда Қоғамдық қабылдау бөлмелері халыққа кәсіпқой мамандардан кеңес алып, жаңа бастаған істеріне бағыт беретін басты орынға айналған.

Сол себепті де, «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының үш жылдан бері үзіліссіз өткізіліп келе жатқан «Ең үздік Қоғамдық қабылдау бөлмесі» республикалық байқауы осынау игі шаруаны тиімді әрі жемісті атқаруға серпін беретін бірден-бір шара ретінде танылып отыр. Сондықтан Қоғамдық қабылдау бөлмесінен көмек, қолдау күтетін көпшілік те көп. Көпшіліктің ризалығына бөленіп, жұмысын барынша сапалы жетілдіруге зор мүмкіндік беретін Қоғамдық қабылдау бөлмелері топта оза шауып, дараланып отыр.

Биылғы үздіктерді марапаттау мерекесі 24 желтоқсанда «Нұр Отанның» Орталық аппаратында өтті. Байқаудың жеңімпаздарын партияның Хатшысы Эльдар Сыздықов марапаттады.

Аймақтық Қоғамдық қабылдау бөлмелерінің дарабоздарын анықтау үшін «Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратының басшылары мен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшелерінен құралған комиссия жұмыс істеді. Аталмыш комиссияның шешімімен Гран-приді Қостанай облыстық филиалдың Қоғамдық қабылдау бөлмесі жеңіп алды. Бірінші жүлделі орын Алматы облыстық филиалының Қабылдау бөлмесіне бұйырды. Екінші орынға Қарағанды облыстық филиалының Қабылдау бөлмесі лайық деп танылды. Ал үшінші орын «Нұр Отанның» Жамбыл облыстық филиалының және Қызылорда облысына қарасты Қоғамдық қабылдау бөлмелеріне тиесілі деп шешті. Аймақтағы қоғамдық қабылдау бөлмелерінің арасынан да үздіктерді анықтады. Сонымен, «Нұр Отан» партиясы аумақтық филиалдарының арасында Ақмола облысының Бурабай аудандық филиалы;Алматы облысындағы Қапшағай қалалық филиалы; Атырау облысының Құрманғазы аудандық филиалы; Шығыс Қазақстан облысындағы Жарма аудандық филиалы; Жамбыл облысындағы Мерке аудандық филиалы; Қарағанды облысындағы Нұра аудандық филиалы; Қостанай облысындағы Денисов аудандық филиалы; Қызылорда облысының Шиелі аудандық филиалы; Маңғыстау облысының Жаңаөзен қалалық филиалы; Павлодар облысындағы Екібастұз қалалық филалы; Солтүстік Қазақстан облысындағы Айыртау аудандық филиалы; Оңтүстік Қазақстан облысындағы Мақтаарал аудандық филиалы,

Алматы қаласындағы Бостандық және Әуезов аудандарының Қоғамдық қабылдау бөлмелері жеңімпаз деп танылды.

Жеңімпаздарды анықтау барысында Қабылдау бөлмелері жұмысының тиімділігі мен жүйелелігі және жұмыс тәсілін оңтайлы ұйымдастыру сипаты басты назарда болған еді. Осы орайда, Қостанай облыстық филиалының Қоғамдық қабылдау бөлмесінде азаматтарға кеңес беру жұмысы жаңаша жүргізілген. Олар Қоғамдық қабылдауға келген азаматтарға заң саласындағы қажетті кеңес беру ісін облыстық «Караван новостей» радиоарнасы арқылы тікелей хабар тарата отырып, көмек сұрай келген адамдардың мәселелерін шешуге тікелей атсалысады. Сонымен қатар, жергілікті телеарнада да Қоғамдық қабылдау ашып қойған. Сол арада Қостанай облыстық партиясы Қоғамдық қабылдау бөлмесінің жанында Медицина орталығы жұмыс істейді. Республика бойынша алғанда, олардың жұмысының тиімділігі мен көрсетілген көмектің деңгейі бәрінен де асып түсіп, 62 пайызға жетті. Ал азаматтардың арыз-шағым, өтініш, тілектерін орындау жөнінен Оңтүстік Қазақстан облыстық филалының Қоғамдық қабылдау бөлмесі алдына қара салмады. Олар бұл іс-шараны пайызға орындапты. Жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен Дипломдар табыс етілді.

Г.ТҰРҒАНБАЙҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары