РЕКТОРҒА – АЛТЫН МЕДАЛЬ

РЕКТОРҒА – АЛТЫН МЕДАЛЬ

РЕКТОРҒА – АЛТЫН МЕДАЛЬ
ашық дереккөзі
241

Жоғары мектеп Халықаралық ғылым академиясы Президиумының шешімімен (ЖМ ХҒА) әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры, академик Ғалым Мұтанов «Білім және ғылым саласындағы көрнекті еңбегі үшін» атты атаулы алтын медалімен марапатталды. Жоғары марапатты ол Орта-Азиялық аймақ бойынша алғашқы болып иеленді. Академия мүшелері арасында мұндай марапатқа ие болған заманауи ғалымдардың арасында Нобель сыйлығының иегері Ж.И. Алферов бар.

«Бұл жоғары марапат – Ғалым Мұтановтың жаңашыл ғалым, бірнеше инновациялық жоба авторы әрі ірі университет жетекшісі ретіндегі еңбектерінің үлесі. Біз шын ниетпен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ректорын құттықтап, алдағы уақытқа жетістіктер мен өрлеу тілейміз, – деп атап өтті Мәскеуде өткен салтанатты марапаттау барысында Академия Президенті Валентин Шукшунов.Академия өз қатарында әлемнің 47 елінен 1350 ірі әрі танымал ғалымдардың сондай-ақ, 155 ЖОО мен ғылыми орталықтардың басын қосатын халықаралық беделді ұйым болып табылады. Сонымен бірге ЖМ ХҒА қызметі әртүрлі елдердің соның ішінде, алдымен, ТМД қатысушы-мемлекеттерінің білім жүйесін жақындастыру мен интеграциялауға бағытталған. Академия университеттік білімді дамыту мен қалыптастыруда жаңа идеялар мен жаңаша бағыттарды ілгерілетуге ерекше көңіл аударады.

Едіге БЕКТАС

Серіктес жаңалықтары