«МІНБЕР» АЛҒАН АСУЛАР

«МІНБЕР» АЛҒАН АСУЛАР

«МІНБЕР» АЛҒАН АСУЛАР
ашық дереккөзі
451

«Мінбер» журналистерді қолдау орталығы» қоғамдық қоры 2009 жылы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде арнайы тіркеуден өтті. Содан бері түрлі бағыттағы 10 жобаны жүзеге асырды. Соның бесеуі биылғы жылдың еншісінде екен. «Мінбер» жас журналистердің де арасында ерекше қызығушылық тудыратындықтан, ол жайында тереңірек білгісі келетіндер көп.

www.minber.kz сайты өз жұмысын тоқтатқан жоқ. Сонымен қатар, осы сайттың «Заңгер кеңесі» айдары тұрақты жаңаланып келді. Бұл айдар Сорос Қазақстан қорының қолдауымен жүзеге асуда. 2012 жылдың маусым айында «Мінбер» сайты Ақпарат және мәдениет министрлігі жариялаған «Мемлекеттік тіл және БАҚ» конкурсында ІІ орынға табан тіреді. Бүгінде «Мінбер» сайтына күнделікті кірушілердің саны 10000-нан асты. 2011 жылдан www.kazjur.kz блог тұғырнамасы жұмыс істеп келеді. Онда бүгінде 1000-нан астам блог тіркелген.

2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы Қазақстанның бес өңірінде – Оңтүстік Қазақстан облысы, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Атырау облыстарында «Жаңа медиа технологияларын қазақтілді БАҚ тәжірибесіне енгізу» атты екі күндік семинар тренинг және «Интернеттің қоғамдық санаға әсері» атты бір күндік дөңгелек үстел өткізді. Шымкент қаласында оңтүстіктегі журналистердің басын қосқан семинар-тренинг 20-21 сәуір айында өтті. Семинар-тренингке Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облысынан 20 журналист қатысты. 10-12 мамырда Петропавл қаласында «Интернет қоғамдық санаға қалай әсер етеді?» тақырыбында дөңгелек үстел және екі күндік семинар-тренинг өткізілді. Оған солтүстік өңірлерден – Павлодар, Қостанай, Астана, Қарағанды және Петропавл қаласынан 20 журналист ат салысып, Өскеменде мамыр айының 31-нен маусымның 2-сі аралығында өткен дөңгелек үстелге клеген 23 журналист «Қазақ интернеті және қазақтілді контент жайында» ой бөлісті. Шілденің 13-14 күндері Атырау қаласындағы бас қосуға 15 журналист қатысып, интернеттің қоғамдық санаға әсері жайында тағы да ой бөлісіп, жаңа медиа технологияларының қыр-сырымен танысты. Шараны ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігі мен Сорос Қазақстан қоры қолдады. Наурыздың 31-інде «Beeline» сауда белгісімен танымал «Кар Тел» компаниясының ұсынысымен Ақтөбе қаласында «Телекоммуникация нарығы және жаңа медиа» тақырыбында батыстағы үш облыс журналистеріне арналған екі күндік семинар тренинг ұйымдастырылды. Аталған шараларда 70-тен астам блог ашылып, журналистер жаңа медиа технологияларымен танысты. Сөйтіп өз ресурстарын әлеуметтік желі арқылы жарнамалау және ақпаратты аудио-видео арқылы таратудың мүмкіндіктерін жете меңгерді. Сонымен қатар, журналистерге медиа құқық жайында арнайы дәрістер оқытылды.ЕҚЫҰ-ның Астанадағы өкілдігінің қол­дауымен 1-2 қараша күндері Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Журналистика факультетінде журналистика факультеті мұғалімдеріне арналған «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар, жаңа технологиялар» атты дөңгелек үстел және журналистика факультетінің қазақ бөлімінің мұғалімдеріне арналған семинар-тренинг өткізілді. Дөңгелек үстелде журналистік білім берудің мәселелері талқыланып, нақты іс-шаралар жайында пікірталас өрбіді.

2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы ақпараттық технология мамандарының басын қосқан екі ірі шара ұйымдастырды. Оның бірі – нау­рыз мейрамымен тұспа-тұс өткізілген қазақ блогшыларының ІІ құрылтайы болса, ІІ блоқұрылтай 21-22 наурызда Назарбаев университетінде өтті. Екіншісі – 22-23 желтоқсанда Астана қаласында Назарбаев зияткерлік мектебінде өткізілген Астана интернет форумы. Екі шараға да жиыны – 200-дей адам қатысып, қазақ интернетін дамытудағы игі қадамдар және бағдарламалар, тың жобалар, идеялар ортаға салынды.

2012 жылы «Мінбер» журналистерді қолдау орталығы – Асхат Еркімбайдың «Жаңа медиа: Монологтан – диалогқа» және журналистика факультеті мұғалімдеріне арналған «Қазіргі кездегі журналистік білім беру: идеялар, тұжырымдамалар» атты методикалық нұсқаулық дайындап шығарды.

Әсел ӘНУАРБЕК

Серіктес жаңалықтары