«ИЕКТЕРІҢ ҚЫШЫМАСЫН !»
«ИЕКТЕРІҢ ҚЫШЫМАСЫН !»
В. Путин:
«Отырыңыз, Маша!»«Рахмет, Вова!»(Ресей президентінің баспасөз мәслихатының стенограммасынан)
Ұлу жылы ешкім «Who is Mr.Putin?» деген сұрақ қойған жоқ. Онсыз да белгілі. Осымен үшінші мәрте таққа отырған Владимир Путин билік құрғалы он екі жыл. Иә, ол саясат сахнасына 2000 жылдың соңында, қазіргідей қыс мезгілінде, Жаңа жыл қарсаңында шыққан еді. Дұрысы, сол кездегі президент Ельцин жаңа жылдық құттықтау сөзінде Оның атын алғаш рет миллиондаған көрермен алдында атап, Оған уақытша президент қызметін атқару міндетін жүктеп еді. Екімыңыншы жылдың қысынан Кремльдегі ең жайлы орынға жайғасқан Путин одан бері елдегі билікті уысынан шығарған жоқ. Сол кезден бергі уақыт мерзімін «Ресейдегі Путин дәуірі» деп атаса да болар.
жауап іздеуі сияқты.Сонымен…Кремль басшысы кездесуді әдеттегідей қалжыңмен әрлеуге тырысса да, бұл жолы оншалықты тартымды әзіл айта алмады.Магаданнан келген тілшінің денсаулығы жайлы сұрағына «Не дождетесь!» деп қойып қалуы тосын естілді.Ресей президенті мұнымен шектелген жоқ. Сыбайлас жемқорлық туралы ыңғайсыз сұрақтар қойған Марина атты журналисті «Отыр, Маша!» деп тұқыртпақ болды. Оған тілші де саспады. «Рахмет, Вова!» деп қарап тұр. Осы қысқа диалогтың өзі Путиннің зиялы қауымға деген, көзі қарақты жұртшылықтың Путинге деген көзқарасын айқын аңғартып тұрғандай.Владивостоктық Мария Соловьенко осы қысқа диалогтан соң аса танымал тілшіге айналды. Ғаламтор бетінде, блогтарда оған рахмет айтқандар мен қолпаштаушылар көп.
Әйтсе де, бұл Путин осыдан он екі жыл бұрын таққа жаңадан отырған Путиннен біраз өзгеше. Бұл – тілдік-лексикалық қорының аз-маз өзгерісі ғана емес.
Қазіргі Путин өзінің аспаннан салбырап түспегенін, басқалар сияқты екі аяқты жұмыр басты пенде екенін көрсетуге тырысқаны байқалады. Астраханьда болған кезінде балықшылар қайық үстінен Путинді көріп, шошынғаннан шоқыныпты-мыс. Путин осы оқиғаны жылы жымиып отырып, сырбаз күйін бұзбай әңгімелеп берді. Обалы нешік, діттеген жеріне жетті де: аудиториядағы біраз адам күліп, көңілденіп қалды.Дегенмен, алыс түкпірдегі қартаң ұстаздың президентке сәлем жолдауы, тағы бір Аня атты келіншектің сәлемі, Жерар Депардьеге Ресей азамттығын беру жайлы сыбыс, астрахандық балықшының балық аулауға шақыруы, грузин журналисінің шарап ішу туралы ұсыныс тастауы, «НТВ» тілшісінің Путиннің қыздары туралы сұрақ қоюы, Сахалиннен келген журналистің Курилдегі бір аралды Путиннің атымен атауы да ештеңе емес екен. Мұның бәрі Қалмақиядан келген тілшінің қызын туған күнімен құттықтау туралы өтініші асып түсті. Путин 1200 журналисті аузына қаратып қойып, қолына қалам алып, бір әлде екі минут отырып, Кермен атты кішкентай қызға құттықтау сөздер жазды. Дәл осы жерде Ленин бейнесі еске түскені-ай…Мұның бәрі баяғы ойындағысын ашық бетке айтатын, өз дегенінен қайтпайтын, қарапайым орыс мұжығына етене жақын Путиннің имиджіне жаңаша өң беріп, оны қара тобыр халықтан жоғарырақ тұрған, қамқор әке немесе сыпайы интеллигент бейнесінде көрсетудің талпынысына ұқсайды. Ал бұл талпыныс қаншалықты жүзеге асқаны әзірге күңгірт. Өйткені орыстың даналығы «Қалыбыңнан асып қайда барасың» дейді.Саясиландырылған сұрақтардың азайғаны байқалды: Ходорковский мен Лебедевтің аты бір-екі мәрте ғана айтылса, «Дима Яковлевтің заң жобасы» туралы сұрақ жеті әлде сегіз рет қойылды. Болды. Ресейде басқа мәселе жоқ! Осыдан оншақты ай бұрын Сахаров пен Болотный алаңдарын сеңдей соғылысқан, билік өкілдерімен тірескен шерулер басқа елде өткендей, одан кейін оппозиция өкілдерінің үйлеріне тінту жүргізіп, өздерін қамауға алған, қудалаған оқиғалар басқа мемлекетте болғандай…Ресейдің АҚШ-пен иық теңестірер бақталас екені осы жолы көпе-көрнеу әшкереленді. Жергілікті және шетелдік журналистер отырған басқосуда В.Путин өзінің қолайына жақпаған кейбір сұрақтардың бір ұшын орайы келгенше Ақ Үйге апарып, тіреп бақты. Мысалы, ресейлік жетім балаларды америкалық азаматтардың асырап алуына тыйым салуға қатысты заң жобасы туралы сұраққа жауап беру үшін Кремль басшысы АҚШ-тағы атышулы Гуантанамо түрмесіндегі тұтқындардың ауыр жағдайын сипаттады. «Ал Гуантанамода адамдар ауыр кісендермен жүреді. Бәлкім, онда әлі де адамдарды азаптайтын шығар» деген Путин түрме мен бала асыраудың арасында қандай байланыс бар деп санайды? Бірақ Кремль басшысы мұның ара-жігін ашып айтпады.«Дима Яковлевтің заң жобасы» туралы Ксения Соколованың сұрағына жауап бере отырып, Путин «Бұл заң АҚШ әрекетіне Мемлекеттік Думаның эмоционалды, әйтсе де дұрыс жауабы деп білемін» деп қысқа қайырды.
РИА «Новости» агенттігі өкілінің Ресей-АҚШ қарым-қатынасы туралы сұрағына орай Путин Ирак мәселесін, америкалық ПРО жүйесі туралы айта келіп, қандай жағдайда да Ресей өзінің ұлттық мүддесін қорғауы тиіс екенін айтып нықтады.
Los Angeles Times газеті тілшісі де «Дима Яковлев заң жобасы» жайлы сұрақты қайталады. Путин америкалық заңдардың ресейлік балалар құқығын қорғамайтындығын айтып, АҚШ халықаралық құқықтың негізгі қағидаларын аяққа таптауда деп мәлімдеме жасады.
Жалпы, баспасөз мәслихатынан соң Ресейде шешілмес түйін, жолы табылмас тығырық жоқтай көрінеді. Бір ғана жауы… бар. Ол әрине, Америка Құрама Штаттары. Бүгінгі Ресей кешегі КСРО сияқты қандай да бір мәселеде АҚШ-пен тайталасуға әзір екендігін байқатады. Ал Путин кешегі Ленин сияқты халықтық көсемге айналуға ынтық сияқты…
Гүлбиғаш Омарова