Ұйқы басқан екі ауыл толық көшіріледі

Ұйқы басқан екі ауыл толық көшіріледі

Ұйқы басқан екі ауыл толық көшіріледі
ашық дереккөзі
306

Калачи және Красногорск ауылдарының тұрғындарын жаппай естен тандырған «ұйқы ауруының» сыры мәлім болды. Келер жылдың соңына дейін екі ауылдың халқы толық көшіріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде журналистермен кездескен ҚР Премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев хабарлады.  

«Бүгінде Калачи және Красногорск селолары тұрғындарының ұйқы ауруына шалдығуының себебі анықталды. Ең бастысы, екі селоның тұрғындарын медициналық тексерістен өткіздік. Ғалымдарды, мамандарды, радиация және экология, гигиена және кәсіби аурулар, ядролық физика институттарының қызметкерлерін бұл жұмысқа тарттық. Олардың зерттеулерінің нәтижесін Прагаға, Мәскеуге, Обнинскіге жібердік, олар біздің мамандардың қорытындысын растады», − деді Б.Сапарбаев.Вице-премьер бұл екі ауылдың тұрғындарының «ұйқы ауруына» шалдығуының себебі улы газ болып отырғанын атап өтті.

«Бүгінде ауруға улы газ себеп болып отыр, ол жерде кезінде уран шахтасы болғанын білесіздер. Кей кезде ол жерде улы газ бен көмірсутектің үлкен концентрациясы пайда болып, оттегінің мөлшері төмендейді. Осының салдарынан «ұйқы ауруы» пайда болады. Қазірде Калачи мен Красногорсктің бүкіл тұрғындарын көшіруді ұйғардық», − деді вице-премьер. Бұл мақсатта

республикалық және жергілікті бюджеттен 2,5 млрд теңге бөлінгенін айта кетейік. Сондай-ақ, өңірдің қалталы азамттары да қаржылай қолдау көрсетуде. Қазіргі таңда екі ауылда тұратын 223 отбасының 68-і өзге мекенге көшірілген.

Серіктес жаңалықтары