511
Тәжікстан Өзбекстанға электр энергия береді
Тәжікстан Өзбекстанға электр энергия береді
Тәжікстан Өзбекстанға электр энергия жеткізуді қайта жаңғыртты. 9 жылдық үзілістен кейін Тәжікстан Өзбекстанға электр энергия беруді қайта жалғастыра бастады. Ресми мәліметке қарағанда, Тәжікстан жазғы уақытта көрші елге 5 млрд кВт электр энергия тасымалдай алады.
Тәжікстанның «Барки точик» компаниясының төраға орынбасары Махмадумар Асозода өзбек тарабына энергия жеткізуге қатысты барлық жұмыстар аяқталып, көрші мемлекетке электрді экспорттай бастаған. Оның сөздерінше, Тәжікстан энергия жүйесі Орталық Азияның айналма энергия жүйесіне қосылуына байланысты жоғары вольтты станцияларға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Енді жыл сайын жаз мезгілінде Тәжікстан Өзбекстанға бір киловатты 2 центтен 1,5 млрд кВт электроэнергия тасымалдай алады.
«Барки точик» компаниясы сонымен бірге өнімдерін Қазақстанға да экспорттауға мүмкіндігі бар екенін мәлімдеді. Энергия холдингтің мәліметінше, Тәжікстан жаз мезгілінде Қазақстанға да 5 млрд кВт электр энергиясын экспорттай алады.