248
"Роскомнадзор" Telegram мессенджерін бұғаттауға шағым түсірді
"Роскомнадзор" Telegram мессенджерін бұғаттауға шағым түсірді
"Роскомнадзор" Telegram мессенджерін бұғаттауға сотқа шағым түсірді. Бұл туралы жұма күні аталған органның баспасөз хатшысы хабарлады. Шағым Ресей федералдық қауіпсіздік қызметінің сұранысымен (ФСБ) дайындалған.
Сәрсенбі күні Ресейдің Telegram басшылығына қойған талаптарының мерзімі аяқталды. "Роскомнадзор" мессенджер қолданушылардың хабарламаларының құпия кілтін ФСБ-ге беруді талап еткен.
ФСБ басшысы Александр Бортниковтың мәлімдеуінше, өткен жылы Ресейде тіркелген немесе жүзеге аспай қалған терактілерді ұйымдастыру кезінде осы мессенджер пайдаланылған.
Бұның алдында Ресейдің Жоғарғы соты Telegram компаниясының ФСБ-ге шағымын қанағаттандырмады. Ресей Конституциясына сүйенген Telegram хабарламаларды құпия сақтау қажеттігін айтқан. Бірақ ФСБ мессенджер қолданушылардың хабарламалары Конституция қорғайтын ақпаратқа жатпай деп есептейді.
Ресейдің президент жанындағы адам құқықтары жөніндегі кеңес мүшелері Telegram мессенджерін бұғаттаудан бас тартуға шақырды.