390
Курсанттардың халықаралық жарысы
Курсанттардың халықаралық жарысы
Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының базасында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД) қатысушы мемлекеттердің жоғары білім беру ұйымдары курсанттарының математика пәнінен IV Халықаралық олимпиадасы өз мәресіне жетті.
Халықаралық олимпиадаға ТМД қатысушы мемлекеттердің 7 елінен командалар қатысты. Атап айтқанда, Армения республикасы, Беларусь республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз республикасы, Өзбекстан республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан республикасы.
ТМД қатысушы мемлекеттердің Қорғаныс министрлері кеңесінің төрағасы, Ресей Федерациясының Қорғаныс министрі армия генералы С.Шойгу мен Қазақстан республикасының Қорғаныс министрі, генерал-полковник С.Жасұзақовтың тікелей жетекшілігімен өткізілген олимпиаданың негізгі мақсаты – әскери-оқу орындарының офицерлік құрамының сапалы дайындығына көңіл бөлу, білікті әскери мамандарды дайындау әрі кәсіби деңгейде ынталандыру, ғылыми және шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру, дәріс берудің әдістемесін жетілдіру, жоғары әскери оқу-орындары арасында сапалы бәскелестік құру.
Осымен екінші мәрте ұйымдастырылған халықаралық олимпадада Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының курсанттары екі жыл қатарынан екінші орынды иеленді. ТМД деңгейінде осындай үздік нәтиже көрсету – институт қабырғасындағы оқытушы-профессорлар құрамының жоғарғы деңгейдегі кәсіби шеберлігін айқындаса керек. Оның дәлелі ретінде таяуда 2 курс курсанттар командасының Армения республикасында ТМД қатысушы мемлекеттердің жоғарғы білім беру ұйымдары курсанттарының арасында ағылшын тілінен өткен ІV халықаралық олимпиадасына қатысып, абсолютті командалық есепте жеңісті үшінші орынды иеленгенін айта кеткен жөн.
3 кезеңнен тұратын сайыста бақтарын сынаған ТМД елінің курсанттары нағыз өз ісінің шебері екенін көрсетті. «I кезең қорытындысы бойынша командалық біріншілікте» Ресей – 1 орын, Қазақстан – 2 орын, Өзбекстан 3-орынды, «II кезең қорытындысы бойынша командалық біріншілікте» Ресей – 1 орын, Қазақстан – 2 орын, Беларусь – 3 орынды иемденді. Сондай-ақ, «III кезең қорытындысы бойынша командалық біріншілікте» алғашқы орын Ресейге, екінші орын Өзбекстанға, үшінші орын Қазақстан командасына бұйырды.
«Алатау» дәстүрлі өнер театрында өткен Олимпиаданың салтанатты жабылуында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі тарапынан әскери білім және кадр департаментінің басшысы, полковник Қайрат Көпбаев пен Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі ТМД қатысушы елдері білім координациясы комитетінің төрағасы, кадр басқармасының басшысы генерал-полковник Виктор Горемыкин екі елдің қорғаныс саласының басшыларының алғысхатын оқып беріп, курсанттарды айшықты жеңісімен құттықтады.