2193
Жеңіс Ысқақова: Қандай ене екенімді келінімнен сұрау керек!
Жеңіс Ысқақова: Қандай ене екенімді келінімнен сұрау керек!
Еуразия бірінші арнасындағы «Қайырлы таң» бағдарламасына қонаққа келген белгілі әнші Жеңіс Ысқақова бала тәрбиесі, отбасындағы қарым-қатынасты құрудағы әйел адамның рөлі, келінімен арақатынасы жайлы өмірлік тәжірибесімен бөлісті.
«Үйде қандай енесіз?» деген жүргізушінің сұрағына әнші «Қандай ене екенімді келінімнен сұрау керек. Дегенмен, мен адам баласымен тіл табысып, жаймен-жаймен үйретуді құп көремін. Ашумен, бұйрықпен ештеңе жасай алмайсыз. Баланың өзімен тіл табысып, дос болу керек. Сол сияқты мен де келініммен доспын. Қандай да бір қателіктерін көріп жатсам, «екінші қайтара бұлай болмасын, жарай ма?» деймін. Менің өзім түрім сұсты ма, білмеймін. Кейде мен қарап қалған кезімде келінім тыпырлап кетеді, сол кезде өзім де аяп кетемін» деп жауап берді әнші. Жеңіс ханым келіннің жақсы болуы енеге және қыз баланың анасына байланысты деп санайды. Келген адам сіңісіп кетуі үшін екі жақтап жұмыс жасау қажет деген пікірде.