Дәурен Абаев меморгандардың баспасөз хатшыларының міндеттерін бекітті

 Дәурен Абаев меморгандардың баспасөз хатшыларының міндеттерін бекітті

 Дәурен Абаев меморгандардың баспасөз хатшыларының міндеттерін бекітті
ашық дереккөзі
278
ҚР Ақпарат жəне коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің бұйрығымен БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уәкілетті тұлға (бөлімше) туралы үлгілік ережені бекітті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Аталған құжат «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланды. Онда баспасөз хатшысының немесе баспасөз қызметінің мақсаты, функциялары, құқықтары мен міндеттері қамтылған. Бұйрықта баспасөз хатшысы пайдаланушыларға мемлекеттік органның құзыретіне, сондай-ақ оның қызметіне жататын мəселелер бойынша анық жəне қажетті ақпарат беретіні, БАҚ-қа сұхбаттар, түсіндірмелер, жарияланымдар əзірлеуге жəрдемдесетіні, журналистерді уақытша немесе тұрақты аккредиттеуден өткізетіні, сондай-ақ оларға мемлекеттік органның құзыретіне жататын мəселелер бойынша ақпаратты неғұрлым толық жəне кеңінен тарату үшін көмектескені аталып өткен. Баспасөз хатшысы немесе баспасөз қызметі лауазымды адамдардың БАҚ өкілдерімен баспасөз конференцияларын, брифингтерін, сұхбаттары мен кездесулерін ұйымдастырады. Сонымен қатар олар интернет-ресурстың қызметін жаңғырту жəне жаңа технологияларды енгізу мəселелері бойынша ұсыныстарды əзірлеуі тиіс. Мұнымен қоса, баспасөз хатшылары ақпараттарды пайдаланушылардан келіп түсетін сауалдарға уақтылы жауаптар дайындауы қажет. Сонымен қатар баспасөз хатшысы пайдаланушылардан келіп түскен сауалдарға жауап беру үшін қажетті ақпаратты құрылымдық бөлімшелерден сұратуға, интернет-ресурстың қызметін техникалық қамтамасыз ету мақсатында ақпараттандыру саласындағы сарапшыларды тартуға, біліктілікті арттыру курстарынан өтуге құқылы. Бұдан бөлек, БАҚ-пен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі уəкілетті тұлға медиакеңістікте қоғамның теріс пікіріне əкелетін ақпарат анықталған жағдайда мемлекеттік органның бірінші басшысын уақытында хабардар етуге міндетті.

Серіктес жаңалықтары