Түркістандағы индустриалды аймақта 14 жоба жүзеге асады

Түркістандағы индустриалды аймақта 14 жоба жүзеге асады

Түркістандағы индустриалды аймақта 14 жоба жүзеге асады
ашық дереккөзі
1099
  • Түркістан қаласындағы Бекзат шағын ауданындағы индустриалды аймақта жобалық құны 11028,1 млн теңгені құрайтын 14  жоба  іске қосылмақ. Бүгінгі таңда 6 кәсіпорын мемлекеттік қабылдаудан өткен. Нәтижесінде  240-қа жуық жұмыс орны ашылып, 1,3 млрд. теңге инвестиция тартылды. Бүгін бұл туралы ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Түркістан қаласының әкімі Тәжібек Мұсаев мәлім етті.

 Сондай-ақ, өңірде түйе сүтін өңдейтін «Golden Camel Group LTD» бірлескен қазақ-қытай кәсіпорны ағымдағы жылдың тамыз айында іске қосылмақ. Бұл – түйе шаруашылығын дамытуға ерекше серпін беретін жоба. Кәсіпорын түйе сүтінен түрлі өнімдер жасап, 7 түрлі энергетикалық сусын шығаратын болады.

 «2018 жылдың қаңтар-наурыз айында индустриалды аймақтағы  кәсіпорындардың өндірген өнім көлемі 343,3 млн. теңгені құрап, жалпы өнеркәсіп өнім көлемінде үлесі 7,9 пайызды құрады. Ағымдағы жылдың 3 айында өнеркәсіп өнім көлемі 4 331,2 млн. теңгеге жетіп отыр» ,- деді Тәжібек Қалманұлы.

Бұдан бөлек, Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы аясында  2010-2017 жылдары жалпы құны 3203 млрд. теңгенi құрайтын 15 жоба iске қосылып, 753 жұмыс орны ашылған. Өндiрiлген өнiм көлемi 424,8 млн. теңге.

 Сондай-ақ, сауда-логистикалық орталығын салуға жалпы алаңы 20 гектар жер телімі бөлініп, мемлекеттік акті алыныпты. Орталықтың құрылысына 237 млн. теңге бөлінген. Онда жобалық құны 4792 млн. теңгені құрайтын 10 жобаны орналастыру жоспарланып отыр. 

Серіктес жаңалықтары