ҰБТ-ға қатыса алмағандарға басқа күні тапсыруға мүмкіндік беріледі

ҰБТ-ға қатыса алмағандарға басқа күні тапсыруға мүмкіндік беріледі

ҰБТ-ға қатыса алмағандарға басқа күні тапсыруға мүмкіндік беріледі
ашық дереккөзі
222
Күрделі жағдайға тап болған мектеп түлектері тиісті құжаттарын тапсырып, басқа күні Ұлттық бірыңғай тестілеуден өте алады. Бұл туралы ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихаты барысында ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Ұлттық Бірыңғай тестілеуді тапсыру бойынша алдыңғы жылдары кейбір қиындықтар болғанын білесіздер. Мысалы, балаларда әртүрлі қиын жағдайлар болып қалуы мүмкін. Ауырып қалуына немесе жақындарының қайтыс болуына байланысты немесе тағы да басқа келеңсіз жағдайға, жол апатына байланысты тестілеуге қатыса алмай қалған жағдайлар болды. Осындай жағдайға тап болған түлектер амалсыздан ҰБТ-дан қалып қойып жатты», - деді ол. Биыл мұндай жағдайларға ұшыраған азаматтарға Білім және ғылым министрлігі жаңа мүмкіндік беріп отыр. «Егер сол елдімекенде ҰБТ өткізіліп жатса, онда олар тиісті құжатты тапсырып, басқа күні ҰБТ-ны тапсыруына болады. Егер сол уақытта ҰБТ бітіп қалса, онда олар кешенді тестілеу кезінде тапсыра алады. Демек, бұның бәрі мектеп түлектеріне қосымша жағдай жасау үшін істелуде», - деді Асхат Аймағамбетов. Айта кетсек, биыл 146 мың мектеп бітірушінің 96 963 мыңы ҰБТ тапсыруға өтініш білдіріп отыр. Олардың 80 пайызы, яғни 73 мыңы тестті қазақ тілінде тапсыруға бел байлаған.  

Серіктес жаңалықтары