Парижде жаппай тәртіпсіздік болды

Парижде жаппай тәртіпсіздік болды

Парижде жаппай тәртіпсіздік болды
ашық дереккөзі
254
1 мамырда француз кәсіподағы ел президенті Эммануэль Макронның экономикалық реформасына қарсы акция өткізіп, ол жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Мыңнан аса бетперде киген адам полицияға қарсы "Молотов коктейлі" мен тас лақтырған. Шерушілер легі Бастилия алаңы мен Италия алаңына дейін жүріп өту керек болған. Бірақ солшыл радикал "Қара блок" қозғалысы шерушілерге қосылып, бейбіт акцияны бұзды деп хабарлайды халықаралық француз радиосы. Солшыл радикалдар дүкендерді қиратып, қоқыс жәшіктерін өртеген. Оттың бір ұшқыны "Макдоналдс" мейрамханасына түскен. "Қара блок" қозғалысы 2017 жылы Гамбургте "Үлкен жиырмалық" лидерлері бас қосқан күндері тәртіпсіздік ұйымдастырған. Сол кезде 70-тен астам полиция қызметкері жараланған болатын.

Серіктес жаңалықтары