229
Пашинян жақтастарын ереуілді уақытша тоқтатуға шақырды
Пашинян жақтастарын ереуілді уақытша тоқтатуға шақырды
Пашинян жақтастарын ереуілді уақытша тоқтатуға шақырды. Армения премьер-министрлігіне үміткер Никол Пашинян өзінің жақтастарын наразылық акцияларын уақытша тоқтата тұруға шақырды. Бұған билік басындағы Республика партиясының "халық үміткерін" қолдайтыны туралы мәлімдемесі түрткі болды.
Еревандағы митингте сөз сөйлеген Пашинян бейсенбі күні жаңа қызметке ұсыну мәселесін талқылайтынын айтты. Соған байланысты ол жақтастарын көшелерді босатуға шақырды. Дегенмен оппозицияшыл саясаткер парламенттегі сайлау күні Республика алаңына тағы жиналуға шақырды.
1 мамырда Арменияның Республика партиясы Пашинянның үкімет басшысы қызметіне тағайындалуына кедергі келтірді. Сайлаудан соң Пашинян "азаматтық мойынсұнбау акциясына шақырған". Ереван көшелеріне жүздеген мың адам шықты.
Сәрсенбі күні Республика партиясы 8 мамырда премьер-министр сайлауында парламенттің үштен бірі ұсынған үміткерге жақтасатынын мәлімдеді.