411
Түркіменстан билігі ескі көліктерге шектеу қойып жатыр
Түркіменстан билігі ескі көліктерге шектеу қойып жатыр
Түркіменстанның Лебап облысындағы Азаттық (Азатлык) тілшісінің хабарлауынша, аймақтарда ұсталған, ескі көліктерге жаппай шектеу қойылып жатыр.
Түркіменстан билігі азаматтарға қара түсті және ұсталған көліктерді жүргізуге тыйым салып жатыр.
Қазіргі уақытта барлық аймақта көліктің түсі мен шығарылған жылы, маркасына байланысты жаппай тексеру жүргізіліп жатқан көрінеді.
Атап айтқанда, Совет дәуірі кезінде шығарылған көліктер мен өткен ғасырдың 90-жылдары шығарылған батыс және жапон көліктерін жүргізуге тыйым салып жатқанға ұқсайды.
«Қазір мұндай көліктерді техникалық тексеруден өткізуден де бас тартып жатыр. Үкімет 2010 жылға дейінгі шыққан көліктерге тыйым салмақ. Сол себептерден ескі көліктерге деген сұраныс азайып, құны түсіп жатыр. Ал түсі қара көліктердің иелері оны ашық түске бояп тастаған не басқа елге барып сатып жатыр», - дейді Азаттық тілшісі.
Түркіменстан 2013 жылы ескі көліктерді елге әкелуге тыйым салу жөнінде заң шығарған. Қазір бұл заңды қатайтуды қарастырып жатыр.