Елімізде кәмелетке толмаған жүкті қыздар саны артуда

Елімізде кәмелетке толмаған жүкті қыздар саны артуда

Елімізде кәмелетке толмаған жүкті қыздар саны артуда
ашық дереккөзі
242

Елімізде 2015 жылдың 1 шілдесінде 2420 кәмелетке толмаған жүкті қыз тіркеліпті. Олардың жасы – 15 пен 18 аралығында. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің медициналық көмекті ұйымдастыру департаментіне сілтеме жасап, «Тенгриньюс.кз» сайты хабарлайды.

Департаменттің хабарлауынша, Қазақстанда кәмелетке толмаған жүкті қыздардың үлесі 1,2 пайызға жеткен. Кәмелетке толмаған жүкті қыздардың басым бөлігі, яғни, 1,9 пайызы Қостанай облысында тіркеліпті. Одан кейін 1,8 пайызы Жамбыл облысында, 1,7 пайызы Солтүстік Қазақстан облысында екен. Ал еліміздегі ең жас ана Солтүстік қазақстан облысында, оның жасы – 13-те.

Ал Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Оңтүстік Қазақстан облысында 350-ден астам кәмелетке толмаған жүкті қыздардың тіркелгендігі туралы хабарланған болатын. Одан кейін Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау басқармасы кәмелетке толмаған жүкті қыздардың нақты санын жариялады. Басқарманың мәліметіне сүйенсек, облыста 467 кәмелетке толмаған жүкті қыз тіркеуде тұр. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі: «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жүкті әйелдердің және фертильді жастағы әйелдердің порталындағы электронды базасындағы 2015 жылдың 1 қаңтарынан 2015 жылдың 20 шілдесіне дейінгі статистикалық мәліметтерге сәйкес, жүктілік есебінде кәмелетке толмаған 467 жүкті қыз тұр. Олардың ішінде 14 жастағылар – үшеу, 15 жастағылар – 25, 16 жастағылар – 118, 17 жастағылар – 321», – деген мәлімдеме жасады.

Серіктес жаңалықтары