312
Ресейлік Су-30СМ жойғышы Сирияда апатқа ұшырады.
Ресейлік Су-30СМ жойғышы Сирияда апатқа ұшырады.
Апат Астана уақытымен 12:45 кезінде Хмеймим аэродромынан ұшып шыққан жойғыш биікке көтеріле бастағанда Жер орта теңізі үстінде болған, деп хабарлайды РИА Новости .
"Ұшақ үшін соңғы демі қалғанша күрескен қос ұшқыш, оқиға орнынан берілген мәлімет бойынша, қаза тапты", — делінген Ресей Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.
Бастапқы деректерге сүйенсек, ұшаққа ешкім шабуылдамаған – жойғыштың қозғалтқышына құс кіріп кетсе керек.
Ресей ұшағының Сириядағы соңғы жойқын апаты наурыз айында болған еді. Ол кезде Хмеймим аэродромына қонар кезде Ан-26 ұшағы құлаған болатын. Борттағы 33 жолаушы мен алты экипаж мүшесі қаза тапты.