2017 жылы ресейліктердің АҚШ-тан баспана сұрауы рекордтық көрсеткішке жеткен

2017 жылы ресейліктердің АҚШ-тан баспана сұрауы рекордтық көрсеткішке жеткен

2017 жылы ресейліктердің АҚШ-тан баспана сұрауы рекордтық көрсеткішке жеткен
ашық дереккөзі
374
2017 жылы үш мыңға тарта ресейлік АҚШ-тан баспана сұраған. Бұл соңғы 24 жылда рекордтық көрсеткішке жетіп, 39 пайызға өскен. "Настоящее Время" телеканалы АҚШ-тың ішкі қауіпсіздік министрлігінен ресми жауап алды. Ресми ақпаратқа сәйкес, алдыңғы рекорд 1994 жылы болған, онда 2127 ресейлік АҚШ-тан баспана сұрап өтініш жазған. Бұл тек бірінші рет өтініш бергендер жайында көрсеткіш. АҚШ-тан саяси баспана сұраған ресейлік азаматтар саны бесінші жыл қатарынан өсіп келеді. Өсім Путин 2012 жылы үшінші рет қатарынан президент болып сайланған кезде басталған. 2016 жылы 1912 ресейлік саяси баспана сұраған. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 31 пайызға көп. Бірақ бұл ақпаратқа қатысты Ресей президенті Владимир Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков "Қазір жалған ақпарат өте көп, абай болу керек" деп жауап берген.

Серіктес жаңалықтары