Сенат төрағасы банктерге өз акционерлерін несиелеуді шектеуді ұсынды

Сенат төрағасы банктерге өз акционерлерін несиелеуді шектеуді ұсынды

Сенат төрағасы банктерге өз акционерлерін несиелеуді шектеуді ұсынды
ашық дереккөзі
260
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев банк секторы акционерлерінің мүмкіндіктерін шектеуге қатысты кейбір ұсыныстарын жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Мемлекет басшысы проблемалы банктердің акционерлерін негізді сынға алды. Осы орайда сауықтыру шараларына олардың жеке қаржыларын салуын және сыртқа шығарылған ақшаны қайтару талап етілді. Банктерге өздерінің акционерлерін және олармен байланысты тұлғаларын несиелеуді заңнамалық тұрғыда шектеу қажет. Бұл өз кезегінде активтердің жылыстауы тәуекелдерін төмендетуге ықпал етеді. Сенат осы маңызды жұмысқа өзінің үлесін қосуға  әзір», - деді Тоқаев банк секторындағы мәселеге арналған парламенттік тыңдалым барысында. Сенат төрағасы Парламент Ұлттық банктің қызметін жетілдіруге бағытталған бастамаларды қабылдауға әзір екенін атап өтті. «Біз алдын ала қаржылық осал тұстарды анықтауымыз керек, себебі бұл мәселе болашақта қаржылық тұрақтылыққа қатер тудыруы мүмкін. Осы орайда заңнамалық деңгейде реттеу мен қадағалау жүйелерін қайта қарастыру қажеттілігі бар. Парламент Ұлттық банктің қызметін жетілдіруге, оның қадағалаушы мандатын күшейтуге бағытталған заңнамалық бастамаларды қолдауға дайын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Бұдан бұрын хабарланғандай, Сенат төрағасы банктердің менеджменті күрделі өзгерістердің қысымына төтеп бере алмайтынын мәлім еткен еді.

Серіктес жаңалықтары