Халықаралық олимпиаданың ашылуы Алматы қаласындағы О.Жолдасбеков атындағы Студенттер сарайында өтті. Олимпиадаға биыл 80 елден 630 қатысушы келді, деп хабарлады Білім және ғылым министрлігі.
Оқушылар арасында информатика пәнінен өтетін XXVII Халықаралық олимпиадада (ІОІ-2015) Қазақстан намысын Данияр Маминов, Мейрамбек Өмірзақ, Бекжан Бекболатұлы және Алтыбай Назарбектер қорғайды. Ереже бойынша олимпиада қатысушыларына күніне үш тапсырмадан беріліп, оны бес сағатта шешу талабы қойылады. 27 шілде басталған олимпиада 2 тамызда аяқтады.
Оқушыларға арналған бұл Халықаралық олимпада ІОІ-2015 (International olympiad in informatics)1989 жылдан бастап ЮНЕСКО аясында өткізілетін ең беделді зияткерлік сайыс.