Головкиннің алдағы жекпе-жегін 151 ел көрсетеді, бірақ олардың арасында Қазақстан жоқ

Головкиннің алдағы жекпе-жегін 151 ел көрсетеді, бірақ олардың арасында Қазақстан жоқ

Головкиннің алдағы жекпе-жегін 151 ел көрсетеді, бірақ олардың арасында Қазақстан жоқ
ашық дереккөзі
428
Қазақстандық бокс сүйер қауым орта салмақтағы WBA Super, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің (37-0-1, 33 КО) жекпе-жегін көре алмауы мүмкін, деп хабарлады Sports.kz.  5 мамырда (Қазақстанда 6 мамыр таңертең) Головкин Карсонда (АҚШ, Калифорния штаты) америкалық боксшы Ванес Мартиросянға (36-3-1, 21 КО) қарсы жекпе-жек өткізеді. GGG-дің ВКонтактедегі ресми парақшасындағы мәлімет бойынша, қазіргі таңда бұл жекпе-жекті көрсету құқығын 151 ел сатып алған, бұл ресми мәлімет. Айта кетейік, жергілікті телеарналармен келіссөздер жүргізіліп жатқанына қарамастан бұл тізімде Қазақстан жоқ. Головкин — Мартиросян жекпе-жегі жексенбі күні Астана уақытымен сағат 09:00-де басталады.

Серіктес жаңалықтары