284
Солтүстік Корея сағат тілін 30 минутқа алға жылжытады
Солтүстік Корея сағат тілін 30 минутқа алға жылжытады
Солтүстік Корея сағат тілін 30 минутқа алға жылжытады. Сөйтіп Пхеньян мен Сеул бір сағаттық белдеуде болмақ, деп хабарлайды 24.kz
Бұл – екі ел қарым-қатынасын жақсартуға бағытталған алғашқы шаралардың бірі. Бұған дейін Оңтүстік Корея мен Корей Халық Демократиялық Республикасы шекарадағы дауыс зорайтқыштардың жұмысын толығымен тоқтатқан еді. Бұл құрылғылардан олар бір-бірінің саясатына қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп келді.
Айта кетейік, Ким Чен Ын мен Мун Чжэ Ин 27 сәуірде 3 корейаралық саммитті өткізген болатын. Олар ортақ декларацияға қол қойып, Корей түбегін ядролық қарудан толықтай арылтуға уағдаласты.