215
Армения премьер-министрі Пашинян Таулы Қарабахқа барды
Армения премьер-министрі Пашинян Таулы Қарабахқа барды
Армения премьер-министрі Никол Пашинян 9 мамырда Таулы Қарабахқа барды. Бір күн бұрын ғана ол премьер-министр болып сайланған еді.
Армян жетекшілері бұл аймаққа 9 мамырда баруды дәстүрге айналдырған. Дәл осы күні Армения бақылауындағы әскер 1992 жылы Таулы Қарабахтағы Шуша қаласына бақылау орнатқан. Таулы Қарабах астанасы Степанакерт қаласында Пашинян және аймақ басшысы саналатын Бако Саакян аймақтағы жанжал кезінде және Екінші дүниежүзілік соғыста қаза болған сарбаздардың ескерткішіне гүл қойды.
Одан соң Пашинян мен Саакян Шуша қаласына барды.
Армения парламенті Пашинянды премьер-министр қызметіне 8 мамырда сайлады, осылайша бірнеше аптаға созылған наразылық акциялары аяқталды. Пашинян билік келер қарсаңында "Қарабахқа өзін тану құқығы берілетінін" мәлімдеген. Кейін ол келіссөздерге дайын екендігін мәлімдеген, бірақ оның ішінде Қарабах өкілі болу шарт.
Баку Пашинянның Таулы Қарабахқа бару жоспарына көңілі толмайтынын білдірді. Әзірбайжан сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Хикмат Гаджиев 8 мамырда мәлімдеме жасап, қазір оккупациядағы Таулы Қарабах әрдайым Әзірбайжанның ажырамас бөлігі екенін ескерткен. Екі мемлекет те Таулы Қарабахтың тәуелсіздігін мойындаған жоқ.
Таулы Қарабах жанжалында 30 мың адам мерт болды, Армения мен Әзірбайжан арасы осы аймаққа байланысты әлі салқын тартып тұр.