Дмитрий Медведев Ресей үкіметін басқара бермек

Дмитрий Медведев Ресей үкіметін басқара бермек

Дмитрий Медведев Ресей үкіметін басқара бермек
ашық дереккөзі
321
Дмитрий Медведев Ресей үкіметін тағы да басқаратын болды. Дмитрий Медведев Ресей Федерациясының премьер-министрі болып сайланды. Оның кандидатурасын Мемлекеттік дума қолдады, деп хабарлайды ТАСС. Дума отырысында 430 депутаттың 374-і оны жақтап дауыс берсе, 56-сы қарсы болған. Қалыс қалғандар жоқ. Кейін Ресей президенті Владимир Путин Дмитрий Медведевті РФ үкіметінің төрағасы қызметіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды. Еске сала кетейік, кеше Владимир Путин Үлкен Кремль сарайындағы Андреев залында мемлекет басшысы қызметіне төртінші рет сайлана отырып, Ресей халқына ант берген болатын.   Сондай-ақ, Владимир Путин Мемлекеттік думаға премьер-министр лауазымына Медведевтің кандидатурасын ұсынған еді.

Серіктес жаңалықтары