Солтүстік Корея ядролық сынақ полигонын көпшіліктің көзінше жабады

Солтүстік Корея ядролық сынақ полигонын көпшіліктің көзінше жабады

Солтүстік Корея ядролық сынақ полигонын көпшіліктің көзінше жабады
ашық дереккөзі
330
23-25 мамыр аралығында Солтүстік Кореядағы Пхунгери полигоны ресми түрде жабылады. Мұндай шешімді елдегі Еңбекшілер партиясының орталық комитеті қабылдады, деп хабарлайды  24.kz Мәліметтерге қарағанда бұл осы күндер аралығында полигон аумағындағы барлық ғылыми қызметкерлер шығарылып, оған кіретін жолдың бәрі жойылады. Сонымен қатар сынама жүргізетін шахталар жарылып, нысандардың барлығы сүріледі. Полигонды жою операциясына Оңтүстік Корея, Қытай, АҚШ, Ұлыбритания және Ресейдің тілшілері қатысып, куә болады деп күтілуде. Айта кетейік, Пхунгеридегі полигонды көпшілік алдында жою келісімі 27 сәуір күні Оңтүстік Корея президенті Мун Чжэ Ин мен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынның кездесуінде жасалды.

Серіктес жаңалықтары