Қорғаныс министрлігі шет елдерге оптикалық құрылғылар экспорттай бастады

Қорғаныс министрлігі шет елдерге оптикалық құрылғылар экспорттай бастады

Қорғаныс министрлігі шет елдерге оптикалық құрылғылар экспорттай бастады
ашық дереккөзі
263
Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі шет елдерге оптикалық құрылғылар экспорттай бастады. Бұл туралы бүгін аталған ведомствоның басшысы Бейбіт Атамқұлов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. "Біз қорғаныс өнеркәсібі кешенінің өнімдерін экспорттауды бастадық. Бізде оптика ешқашан болмаған, былтыр екі миллиард теңгенің өнімін экспортқа шығарды. Бұл тепловизорлар, түнде көру құрылғылары және тағы басқа. Атап өтетін жайт, бұл шетелден жеткізілетін бөлшектерден құрастырылған өнімдер емес, біздің кәсіпорындарда жасалған дүние", — деді министр мәжілісте өткен үкімет сағатынан кейін. Алайда Атамқұлов отандық өнімдер қандай елдерге экспортталатынын ашып айтпады. "Мәміленің құпиялығы деген түсінік бар. Мен тек елдердің бірі Еуропалық блокқа кіретінін айта аламын. Бұған қоса, біз көршілес достас мемлекеттерге сусасты кемелерге арналған ілмекті арматура, түрлі қару-жарақ экспорттаймыз. Ұшақтар мен тікұшақтарға арналған жылыту жүйесін, арнайы тыныс алу аппаратурасын өзімізде жасап, сыртқа шығарамыз", — деді ведомство басшысы.

Серіктес жаңалықтары