Қазақстан мен Грузия ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Қазақстан мен Грузия ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды

Қазақстан мен Грузия ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды
ашық дереккөзі
637
Қазақстан және Грузия Сыртқы істер министрлері ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды. Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Астанаға ресми сапармен келген Грузияның Вице-Премьер-Министрі, Сыртқы істер министрі Михеил Джанелидземен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды Сыртқы Істер министрлігінің баспасөз қызметі. Бүгінде Қазақстан мен Грузия ең кең мәселелер шеңбері бойынша тиімді өзара іс-қимылдар жасауда. Қос мемлекет арасында 70-тен астам құжат құрайтын ауқымды шарттық-құқықтық база жасалды. Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаев қазақстандық-грузиндік ынтымақастық жобаларына ерекше назар аударады. Тбилисиге 2005 жылғы ең жоғары деңгейдегі ресми сапар қорытындылары бойынша Қазақстан Грузия экономикасына алғашқы ірі инвесторларының бірі атанды. Өз кезегінде грузиндік компанияларға Орталық Азия мен Қытай нарықтарына жол ашылды. Қазіргі таңда Қазақстанда энергетика, көлік, инновация, медицина секілді салаларда  грузиялық капиталдың қатысуымен 120-дан астам бірлескен кәсіпорын жұмыс істеуде. 2017 жылдың қорытындылары бойынша екі ел арасындағы сауда айналымы 2016 жылмен салыстырғанда 56,4%-ға ұлғайды және 64,3 млн.долларды құрады. «Біз Орталық Азия, Оңтүстік Кавказ, Еуропа мен Парсы шығанағы елдерін байланыстыратын жүйедегі сауда жолдарын, көліктік және экономикалық дәліздерді жетілдіру мен жаңаларын құруға, Транскаспийлік халықаралық көлік бағытын барынша пайдалануға үлкен мән береміз», - деп атап өтті Қ. Әбдірахманов. Кездесу барысында тараптар сондай-ақ Қазақстан мен Грузияның БҰҰ, ЕҚЫҰ, т.б. сияқты көптеген маңызды халықаралық ұйымдар шеңберінде табысты қарым-қатынасуын атап өте келе, халықаралық күн тәртібін талқылады. Грузиялық вице-премьер Қазақстанды БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің құрамындағы табысты қызметімен құттықтады. Келіссөздер қорытындылары бойынша министрлер Қазақстан мен Грузия Сыртқы істер министрліктері арасындағы 2018-2019 жылдарға арналған ынтымақастық бағдарламасына қол қойды. Құжат екі ел қатынастарының өзекті мәселелері мен халықаралық тақырып бойынша консультациялар сериясын өткізуді жорамалдайды. Тараптар екіжақты қатынастардың шарттық-құқықтық негізін жетілдіруге уағдаласты. Бағдарлама сондай-ақ өзара іс-қимылдың нақты мәселелерін қарастыру үшін сараптамалық немесе жұмыс топтарын құруды көздейді.

Серіктес жаңалықтары