Кәсіпкерлер форумында сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Кәсіпкерлер форумында сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды

Кәсіпкерлер форумында сыбайлас жемқорлық мәселесі талқыланды
ашық дереккөзі
260
Оңтүстік Қазақстан облысында 500-ге жуық салық төлеуші мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларымен Салық, Кеден кодекстеріндегі жаңашылдықтарды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңейтілген форум өтті. 

ОҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің бастамасымен, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментімен бірлесе, ОҚО әкімдігі, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының ОҚО филиалының қолдауымен ұйымдастырылған шарада салық, кеден кодекстері түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы А.Үмбетәлиевтің төралығымен өткізілген Форумға, облыс әкімінің орынбасары Е.Садыр, «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Н.Жолдасов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің басшысы Ә.Көмекбаев, облыстық кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Қ.Акенов және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің ОҚО бойынша департаментінің мамандары, облыстың 500-ге жуық кәсіпкерлері мен шетелдік компания өкілдіктері қатысты.

Іс-шараның мақсаты – шағын және орта бизнеске қолдау көрсете отырып, салық, кеден кодекстеріндегі жаңашылдықтарды бизнес өкілдеріне жеткізу және бизнес ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық үлгісін қалыптастыру, кәсіпкерлердің сыбайлас жемқорлыққа ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға белсенді қатысуын қамтамасыз ету.

Жиында Департаменттің басқарма мамандары жаңа кодекстерге толыққанды түсіндірме бере отырып, келесі негізгі өзгерістерге назар аударды: Атап айтқанда, «Арнаулы салық режимдері» қосымша 678, 690 баптармен толықтырылды: ол, шағын субъектілері үшін тіркелген шегерім пайдаланатын арнаулы салық режимі. Бұл режимді жұмыскерлердің орташа тізімдік саны

50 адамнан аспайтын және салықтық кезеңдегі кірісі ең төменгі жалақының 12 260 еселенген мөлшерінен аспайтын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар қолдана алады.

Сонымен қатар, оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимдерін қолдану шарты да өзгерді, яғни 683 бапқа сәйкес, дара кәсіпкер мен заңды тұлғаға бөлінбей, жалпы шарт қойылды. Сондай-ақ, кеден кодексі бойынша декларациялау мен бақылау уақыты 24 сағаттан 4 сағатқа дейін, жалпы бақылау жұмысы он күнен бес күнге дейін қысқартылды.

Сонымен қатар, азаматтармен тығыз жұмыс жүргізіп, кері байланыс орнату мақсатында «Қоғамдық бақылау картасы» әзірленді. «Қоғамдық бақылау картасы» танымал әлеуметтік желілер (Facebook, VK, Instagram және WhatsApp, Telegram 8-775-869-21-21) мен колл-центр (8 (7252) 51-51-51) арқылы жүзеге асырылуда.

Форум барысында салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың туындаған сұрақтары талқыланып, мамандармен толыққанды жауаптар берілді.

Серіктес жаңалықтары