Асқар Мамин – QazaqGeography төрағасы

Асқар Мамин – QazaqGeography төрағасы

Асқар Мамин – QazaqGeography төрағасы
ашық дереккөзі
353

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин QazaqGeography ұлттық географиялық қоғамының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қоғамның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл шешім 19 мамыр күні Астанада Назарбаев университетінде QazaqGeography ұлттық географиялық қоғамының кезектен тыс съезінде қабылданды. Съезд жұмысына QazaqGeography қамқоршылық және басқарушы кеңестері және белсенді мүшелері қатысқан. Онда ұйымдастыру мәселелері, атап айтқанда, QazaqGeography төрағасы атты жаңа лауазымды енгізу жайы талқыланған. Дауыс беру қорытындысы бойынша, жаңа лауазымға Мамин Асқар Ұзақбайұлы сайланды. Сондай-ақ, жиналыста төраға туралы ереже қабылданып, QazaqGeography жарғысына сәйкес өзгертулер енгізілді. QazaqGeography «Қазақстанның ұлттық географиялық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігі 2013 жылдың қазан айында QazaqGeography Қамқоршылық кеңесінің төрағасы Кәрім Мәсімовтің бастамасымен құрылған. Бірлестік бес бағыт бойынша жұмыс істейді: география, климат; қоршаған орта, табиғи ресурстар; биоалуантүрлілік; туризм, саяхат, өлкентану; тарихи-мәдени мұра, этнография. Қазіргі уақытта Қазақстанның 11 өңірінде QazaqGeography өкілдіктері жұмыс істейді.

Серіктес жаңалықтары