308
Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйледі
Министр Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясында сөз сөйледі
Женевада Біріккен ұлттар ұйымының сарайында 71-ші Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясы (ДДА-71) басталды. Шараға ДДҰ-ға мүше елдердің және халықаралық агенттіктердің екі мыңнан астам өкілі қатысуда, деп хабарлайды primeminister.kz.
Ассамблея барысында Алматы Декларациясының 40 жылдығына орайластырылған медициналық-санитарлық алғашқы көмек бойынша ДДҰ жаһандық конференциясын өткізу мәселелері талқыланды. Шара 2018 жылғы 25-26 қазанда Астанада өтеді. Сонымен бірге, ДДА-71 аясында ТМД елдерінің денсаулық сақтау саласындағы ынтымақтастықты нығайту, үздік тәжірибе алмасу мәселелері бойынша ТМД елдерінің денсаулық сақтау министрлерінің кеңесі өтті. Елдердің ДДА-71 бағдарламасының негізгі бағыттары бойынша ұстанымдары, сондай-ақ әлемде МСАК-ты дамытудағы Алматы Декларациясының рөлі талқыланды. 190-нан астам елдің делегацияларының алдындағы баяндамасында ДДҰ бас директоры, доктор Тедрос Гебрейесус ДДҰ Жаһандық конференциясын өткізудің маңыздылығын атап өтті. «Жаһандық конференция 1978 жылғы Алматы Декларациясының негізгі ережелерін одан әрі іске асыру бойынша ДДҰ-ға қатысушы елдердің саяси еркіндігін жаңартуға көмектеседі», - деді Тедрос Гебрейесус.
Айта кету керек, ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстан өкілі ретінде алғаш рет ДДА-71 төрағасының орынбасары болып сайланды. «2018 жылғы 25-26 қазанда Астана қаласында МСАК бойынша Жаһандық конференция алаңында медициналық алғашқы көмектің болашағына көзқарасты жаңадан қайта пайымдау аса маңызды», - деді ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов өз баяндамасында. Өз кезегінде, ТМД елдері делегацияларының басшылары медициналық көмектің сапасын арттыру, денсаулық сақтауды цифрландыру саласындағы идеялар мен тәжірибе алмасуға және ТМД азаматтары үшін ТМД ішінде жұмыс орнын ауыстыру және тұру кезінде көрсетілген медициналық көмек туралы деректерді алмасуға мүдделілік танытты. Сонымен қатар, Ассамблеяның ашылу қарсаңында Женева қаласындағы ДДҰ штаб-пәтерінің базасында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов ДДҰ-ның бас директоры, доктор Тедрос Гебрейесуспен кездесті. Тараптар Конференцияның қорытынды құжатын - заманауи сын-тегеуріндерге сәйкес келетін МСАК бойынша жаңа дүниежүзілік Декларацияны қабылдау жөніндегі Қазақстанның бастамасын және ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің жаһандық конференциясына дайындық мәселелерін талқылады. Министр Е. Біртанов ҚР мен ДДҰ арасындағы қарқынды және табысты әріптестік ынтымақтастық үшін доктор Гебрейесуске алғысын білдірді. Өз кезегінде доктор Гебрейесус Қазақстанның барлық ұсынған бастамаларын қолдап, Жаһандық конференцияны өткізуге дайындық барысына табыс тіледі.