Алматыда кептеліс туралы құлақтандыратын электронды тақталар орнатылады

Алматыда кептеліс туралы құлақтандыратын электронды тақталар орнатылады

Алматыда кептеліс туралы құлақтандыратын электронды тақталар орнатылады
ашық дереккөзі
358

Алматы көшелеріне кептеліс туралы ақпарат беретін арнайы дисплейлер орнатылмақ. Жүргізушілердің көмекшісіне айналатын құрылғы сонымен қатар автокөліктердің қозғалыс жылдамдығы мен ауа-райынан хабардар етіп, жаяу жүргіншіге жақындап қалғаны жөнінде ескертіп тұрады екен. Бұл туралы 7kun.kz хабарлады. Алғашқы интерактивті тақтайша әл-Фараби даңғылы мен Фурманов көшесінің қиылысына орналастырылды. Енді жүргізушілер көшелердегі кептеліс деңгейін, машиналардың жылдамдығын біле алатын болады. Электронды қалқан көлік тұрағына дейін қанша шақырым қалғанын, бұрылыс қай жерде болатынын, жаяу жүргінші бар жерді ескертіп отырады. Мұнымен қоса, көшелердің орналасуы жөнінде де ақпараттандырады. Бейнебақылау камераларынан түсетін ақпарат бірден тақтада көрініс тауып отырады. Панельдің астыңғы бөлігінде әлеуметтік жарнамаға да орын бар. Бұл жоба әзірге жеке инвесторлардың қаражаттарына тәжірибелік сипатта жасалып отыр Жаңа құрылғы тиімділігін көрсетсе, алдағы уақытта қаланың барлық көшелеріне орнатылмақ. «Инвесторлар бұл тақтайшаны орналастырғаннан қандай да бір әсер бар-жоғын зерттейтін болады. Егер, жақсы нәтиже берсе, басқа жерлерге де орнатылады», –дейді Қалалық жолаушылар көлігі басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ерлан Әділов.

Серіктес жаңалықтары