279
Қытайда 90 жастағы қазақ әжей ұсталды
Қытайда 90 жастағы қазақ әжей ұсталды
Қытайда ұсталған 90 жастағы қазақ әжей Қазақстанға оралды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қазақстан СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақовқа сілтеме жасап.
«2018 жылы 2 маусымда Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен Қытай Қоғамдық қауіпсіздік министрлігі арасындағы уағдаластықтардың арқасында Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында дүниеге келген 90 жастағы этникалық қазақ Қазақстанға қайта оралды», — деп хабарлады Жайнақов Facebook парақшасында. Жайнақовтың айтуынша, 2018 жылы 29 мамырда Бейжіңде көші-қон заңнаманы бұзғаны және ҚХР аумағында заңсыз болғаны үшін кейуана мен оның ұлы ұсталған. Кейіннен анықталғандай, ол және оның отбасы Қытайға 2017 жылы наурызда келіп, визада белгіленген мерзімді (30 күн) сақтамай, бір жылдан астам ел аумағында болған. «Елшіліктің қызметкерлері Қытай құқық қорғау органдарымен дереу хабарласты. Қазақстандықтарды ұстау себептері анықталғаннан кейін олардың Қазақстан мен Қытай елдерінің қос азаматтығы болғаны белгілі болды. Қытайлық тарап пен Қазақстан Елшілігінің көмегі арқасында ұсталғандардың Қытай азаматтығынан айырылу туралы құжатты және оларды айыппұлсыз әрі уақытша ұстау изоляторына қамаусыз Қазақстанға депортациялау тез арада ресімделді», — деді Жайнақов.