Путин АҚШ пен оның одақтастарына қарсы санкцияға қол қойды

Путин АҚШ пен оның одақтастарына қарсы санкцияға қол қойды

Путин АҚШ пен оның одақтастарына қарсы санкцияға қол қойды
ашық дереккөзі
228
Ресей президенті Владимир Путин АҚШ және өзге шетел мемлекеттерінің санкциясына жауап ретінде мамыр айында Федерация кеңесі қабылдаған қарсы санкцияға қол қойды. Дүйсенбі күні құжат ресми түрде құқықтық ақпараттар порталында жарық көрді. 22 мамырда заң жобасын Ресей мемлекеттік думасы үшінші оқылымда қабылдаған. Заң жобасын талқылау барысында төменгі палата бастапқы құжатқа айтарлықтай өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, қарсы санкцияның нысаны болып табылатын белгілі бір саланың, сауда мен қызмет көрсетудің нақты тізімдерін алып тастады. Оны анықтауды үкіметтің еншісіне қалдырды. Сонымен бірге Ресейге келетін импорттық дәрі-дәрмекке шектеу қоюды да қабылдамады. Бұл жөнінде науқастарға көмектесетін коммерциялық емес ұйым өкілдері өтінген. "АҚШ пен өзге шетел мемлекеттерінің достыққа сай емес әрекеттеріне қарсы шара қолдану жөніндегі" заң жобасы биыл 13 сәуірде думаға түскен. Заң жобасы бастапқыда Ресейге келетін импорттың барлық түрлеріне, атап айтқанда ауыл шаруашылығы өнімдері, шикізат, дәрі-дәрмек, алкоголь, темекіге тыйым салуды көздеген.

Серіктес жаңалықтары